Еңбек күні аталды
Жаңалықтар
27.09.2016, 11:22
Семей жүк тасымалдау бөлімшесінде Еңбек күні ерекше мереке саналады. Биыл да бөлімшенің бас ғимаратында атаулы күнге орай аймақ теміржолшыларының басын қосқан салтанатты жиын өтті.
Темір жол мекемелерінің кәсіподақ төрағалары, кадр бөлімінің басшылары, сала ардагерлері жиналған жиынды бөлімше басшысының бірінші орынбасары Дәукен Ибраев ашып, сала мамандарын атаулы күнмен құттықтады.
–Ел экономикасының өсіп-өркендеуіне теміржолшылардың қосып отырған үлесі орасан зор. Темір жол өзіндік ерекшеліктері бар сала. Жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастырып, қауіпсіздікті сақтап отырған сала еңбеккерлерінің еңбегін бағалау парызымыз, – деді ол.
Бұдан кейін кәсіподақ төрағасы Алик Досанов өз міндетіне адал, кәсіби тұрғыдан озат атанып жүрген бірқатар сала мамандарын, атап айтқанда, Гүлжан Ботабаева, Ғалия Батырбаева, Санатбек Құрманбеков, Саят Смағұлов, Бауыржан Самарханов, Ербол Қуанышев, Арман Өтебеков, Нұржан Бексұлтановты алғыс хаттармен марапаттап, олардың еңбектері жаңа толқын үшін үлгі-өнеге екенін де жеткізді. Ал бөлімше ғимаратының алдын гүлзарға бөлеген шаруашылық қызметінің қыз-жігіттері бөлімше басшылығының арнайы сыйлығын иеленді.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс
Жаңалықтар
27.02.2026
Колледж бен жұмыс берушілер бас қосты