Сапар алдында тексермек
Ақтөбенің теміржол паркінде бірнеше жылдан бері жүргізіліп жатқан «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарына техникалық қызмет көрсету бекетінің құрылысы келесі жылы аяқталады деп күтілуде.
Жаңа нысанда отандық вагондардың сапар алдындағы және әр сапардан келгеннен кейінгі техникалық жағдайы тексеруден өткізілмек. Ресми мәліметтерге қарағанда, «Ақтөбе станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету қосыны құрылысы бойынша кешенді жұмыстар» жобасын Ақтөбе жол дистанциясы қолға алған. Тапсырыс беруші «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ. Ал жобаны ұйымдастырушы – «Теміржолдар желісі құрылысы жөніндегі дирекция».
Ашық тендер тәртібімен өткізілген электронды сатып алу қорытындылары бойынша, «Құлагер» құрылыс корпорациясы кешенді жұмыстарды жүргізу бойынша жеңімпаз деп танылған екен. Кешен негізгі ғимараттан, өртке қарсы сорғылау станциясы мен өрт сөндіру резервуарларынан тұрады. Сонымен бірге алғашқы тексеру бекеті, бақылау-өткізу бекеті, реттегіш трансформаторлы (модульді) қосалқы станция қарастырылған. 1320 кВт-тық дизельді-генераторлық қосалқы станция және бар.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде