АЙЫППҰЛ ТӨЛЕГІҢІЗ КЕЛМЕСЕ...
Темір жол аумағының бөлінген жолағында мал жаю фактілері жиі орын алады. Мұндай заң бұзушылық орын алған жағдайда жануардың иесін тауып, оны жауапкершілікке тарту Ақтау станциясындағы ІІЖб тәртіп сақшыларының жұмысына кіреді.
Қыркүйектің 19-ы күні Ақтау станциясы ІІЖб-ның ӘПб бастығы, полиция майоры С.Оразғалиев, ІІЖб-ның ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Н.Келісбаев және Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші инженері А.Құлмұратов бірлескен түрде Мұнайлы ауданына қарасты Емір ауылы мен №15-16 темір жол бекеттеріндегі мал шаруашылығы иелеріне арнайы барып, профилактикалық-түсінік жұмыстарын жүргізді. Мұндағы мақсат – темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігін, бүгінде қараусыз жүрген үй малдарын пойыз басу жағдайы кеңінен кездесіп жатқандығын және әр отбасы өз малдарына еге болуларын заң жүзінде түсіндіріп, ескерту. Мұндай келеңсіздіктер локомотив бригадаларының жұмысын да қиындатып тұр. Мәселен, ағымдағы жылдың 8 айында жолаушы және жүк пойыздарының жедел тежегішті басып тоқтатқаны туралы 47 дерек тіркелген.
─ Асылында, әрбір малдың ветеринариялық паспорты мен сырғасы болуы тиіс. Құлағында сырғасы болса, мал иесін анықтау жеңіл. Баянды ауылындағы ветеринариялық станция сырғаның штрих коды арқылы бейсауыт жүрген малдың кімдікі екендігін, иесінің қай жерде тұратынына дейін анықтап береді. 14 қыркүйекте «Тамақ» бекетінде басылған малдың иесін сол сырғаның көмегімен таптық. Қызылтөбе елді мекенінің тұрғыны екен, оған 5 АЕК (10605 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол малдың иесі біріншіден 200-300 мың теңге тұратын түйесінен айырылды, екіншіден айыппұлын төледі. Мұның бәрі малына ие болмағанның кесірі, – дейді Серік Оразғалиев. Оның айтуынша, бұдан басқа кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен әр қилы қылмыстардың алдын алу, көлік обьектілерінде жарақаттану фактілерін болдырмау жұмыстары аясында «Мүлдем төзбеушілік» акциясы және «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы қолға алынған.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде