«Тәуелсіздікке – 25 жыл» көпірі бой көтеруде
Жаңалықтар
30.09.2016, 10:11
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар өңіріне барған іссапарында Ертіс өзені үстіне салынып жатқан көпір құрылысымен танысты. Бүгінде аталған нысанның құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Кереку жұртшылығы мен құрылысшылар Орталық Азиядағы ең ірі көпірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, осы құрметті атауды таңуды ұсынған ұсыныстарына Елбасы қолдады.
Президент көпір салушыларға құрылыс жұмыстарын сапалы және мерзімге сай жүргізіп жатқандарына алғыс білдіріп, бұл нысан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі ірі жобалардың бірі және маңыздысы екенін атап өтті. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қолға алынған барлық жобалар ел экономикасының ілгерілеуіне соны серпін берумен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылып, халықтың еңбекпен қамтылуына жаңа мүмкіндіктер беруде.
–«Нұрлы жол» бағдарламасының жемісті нәтижесін ел көре бастады. Авто және темір жолдар республикамыздың облыстарын бір-бірімен байланыстырып, көрші елдермен жалғастыруда. Бұл өз кезегінде еліміздің бизнесі мен экономикасының дамуына оң ықпал етеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
2013 жылы құрылысы басталған көпір биыл желтоқсан айында ашылады деп күтілуде. Таяуда ғана нысанның ұзына бойына, яғни, 12 жарым км жерге асфальт төселді, енді аббаттандыру және жер төсемін нығайту жұмыстары қалып отыр.
Еске сала кетсек, бұл көпір өткел – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба болып саналады, оны жүзеге асыруға 53,8 миллиард теңге бөлінген. Жобаның тапсырыс берушісі – «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ, бас мердігер «Казахдорстрой» ЖШС. Жаңа көлік күретамыры Астана, Павлодар, Семей, Өскемен арқылы өтетін Орталық-Шығыс бағдарының көліктік әлеуетін дамыту бойынша ауқымды республикалық жобаның бір бөлігі. Бұл магистраль еліміздің аймақтарын ғана байланыстырып қоймай, Қазақстанның шекара маңы өңірлерін көршілес Ресейдің облыстарымен жалғайды.
Ертіс арқылы салынған көпір өткел көліктік логистиканы дамыту жағынан да, инженерлік шешімдер бойынша да бірегей жоба болып табылады. Үш жылдың ішінде құрылысшылар жаңа төрт жолақты автожолдың 12,3 км-ін салды, соның 3,2 км-і жерден биік тұрған эстакадалық бөлігі. Имараттың өткізгіштік қабілеті – тәулігіне 7 мың автокөлік. Көпір өткелдің өзеннің арнасы үнемі өзгеріп отыратын алқаптық бөлігі бойынша жалпы ұзындығы – 12,3 км, соның 9,1 км-і бірінші санатқа жататын төрт жолақты қозғалысты автожол. Жерден биік тұрған тұсының ұзындығы – 3,2 км-ге жетеді: 2,4 км – эстакадалық бөлік, 252 метр – өзеннің ескі арнасы арқылы өтетін көпір, 476 метр – Ертіс өзені арқылы өтетін көпір, 73 метр – Щучье көлі арқылы өтетін көпір, 54 метр – Усолка өзені арқылы өтетін көпір ұзындықтары.
Жыл сайын қатты ағын су екпіні болатыны ескеріліп, жобалау барысында көпірдің барлық өткелінің су өткізу қабілетіне айрықша көңіл бөлінген. Құрылыс кезінде, жергілікті материалдар, құм-қиыршық тас қоспасы, шағыл тас және құм пайдаланылған. Сонымен қатар, құрылысқа 13500 тонна металқұрылымы, 150 мың текше метр бетон жұмсалыпты. Құрылысшылар құрылыс жұмыстары барысында ұзындығы 42 метрлік темірбетоннан көпір арқалықтарын шығаруды меңгеріп, сонымен қатар, осы жобаның арқасында эстакада бөлігінде монолит бөлігін құю, тазалау имараттарын, көпір тротуарлары арқалықтарын, кедергілер мен таяныш қоршауларды монтаждау бойынша тәжірибе жинақтапты. ТМД бойынша тұңғыш рет аркалық аралық құрылымды көтеруге - heavy lift көтергіштерінде көтеру технологиясы қолданылды.
Құрылыс уақытында облыстық бюджетке салық түрі ретінде 164 миллион теңге түсім болса, республикалық бюджет қазынасы 1,9 миллиард теңгемен толықты. Айрықша атап өтерлігі, жергілікті өндірушілерден 2,9 миллиард теңгеге тауарлар мен қызметтер сатып алынған. Құрылысқа 900-ден аса адам жұмылдырылса, соның 750-ге жуығы керекулік Ертіс жағалауының тұрғындары.
Тағы бір айта кетерлігі, ел тәуелсіздігіне 25 жылдығына тарту болған көпір өткел мемлекеттік тудың түсімен түстес: қазіргі таңда алтын түстес ванттарымен айқасқан көгілдір түсті аркалар алыстан көз тартады.
Елена СТОЯНОВА, Павлодар
Райхан РАХМЕТОВА
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?
ҚТЖ келбеті
22.06.2026
Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді
Жүк тасымалы / Апта саны / Инфографика
22.06.2026
ҚТЖ желісімен 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Инфрақұрылым
22.06.2026
Ақтөбе вокзалы мерзімінен бұрын, тамыз айында пайдалануға берілмек