Теміржолшылар теледидар сыйлады
Жаңалықтар
03.10.2016, 11:03
Кеше қарттар үйінде өткен «Мейірім мен құрмет көрсету күні» атты мерекелік шарада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Теміржол ардагерлер орталық кеңесінің өкілдері қарияларға түрлі түсті екі теледидарды тарту етті.
Халықаралық мереке қарсаңында қарияларды құрметтеу, көңілдерін көтеру мақсатында ұйымдастырылған ізгілікті іс-шара «Ардагерлер аллеясына» гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнда олар мемлекеттік мекемені мекен етіп, өмірден озған марқұмдарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Бұдан кейін Астана қалалық әкімдігінің өкілдері ата-әжелерді мерекемен құттықтап, ыстық ықыластарын жеткізді. Мекеме қызметкерлері, «Олимп резерві» республикалық спорт мектебінің тәрбиеленушілері, колледж студенттері атсалысқан мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Бұл күннің басты жаңалығы – 305 адам тұратын мекемеде егде жасқа келіп, көңіл жарастырған екі жұптың бас қосуы болды. Арнайы келген қонақтар қарттар үйін мекен етіп, қалған ғұмырын бірге өткізуге бекінген Александр Пронин мен Полина Матерованың өтініштерін қабыл алып, қуаныштарымен құттықтады.
– «Қарты бар ел – қазыналы ел» демекші, мұнда келіп, жарқын жүзді қарттарды көріп, «жағдайымыз жақсы, бұл жер жанға жайлы» деген сөздерін естіп, көңілім орнына түсті. Осы сәтті пайдаланып, мекеме басшыларына алғысымды білдіргім келеді. Теміржолшылар кәсіподағының басшысы Оразғали Ахметбаевтың қолдауымен мереке қарсаңында қарияларымызға қос теледидарды тарту етіп отырмыз. Қарт кісілерге жылы сөз бен ықылас-ілтипаттан басқа ештеңе керек емес, елордамыздағы Қарттар үйінде оны мекен етушілерге барлық жағдай жасалып, медициналық қызметтермен қамтамасыз етілген, – деді Теміржол ардагерлер орталық кеңесі төрағасының орынбасары Жұмагүл Әлжан.
Мереке соңында жиылған жұрт мерекелік ақ дастарханнан дәм татты.
Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды