Қаржылай көмек көрсетілмек

Жаңалықтар
03.10.2016, 11:43
Оқуға 2 мин
Қазан айының екінші жексенбісі, Мүгедектерді қорғау күні қарсаңында Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалы өзіне қарасты мекемелердегі қызметкерлердің мүгедек балаларын осымен екінші жыл материалдық көмекпен қамтымақшы. Жалпы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес, отбасында 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар қызметкерлердің отбасына бір жылғы материалдық көмек бөлу қарастырылған. –Атаулы біржолғы материалдық көмек, Құлсары жол дистанциясында еңбек ететін 5 қызметкердің, Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының 1, Ірілендірілген Атырау жол дистанциясының 15, Атырау Электрмен жабдықтау дистанциясының 3, сондай-ақ, Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының 2 қызметкерінің отбасына 21 мың 210 теңге (10 МРП) көлемінде көрсетіледі. Аталған қаражат жоғарыда аталған әр отбасыға қазан айының 7-сіне дейін төленіп болады, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі филиалының персонал жөніндегі менеджері Анар Жалғасбаева. Атырау электрмен жабдықтау дистанциясында электромонтер болып қызмет ететін Ерлан Айтжанов, мүмкіндігі шектеулі төрт жасар қызына мекеме тарапынан материалдық көмекке осымен екінші жыл қатарынан қол жеткізіп отырғанын айтады. «Жалақымыздан бөлек төленетін бұл біржолғы материалдық көмекке қызыма керек дәрі-дәрмек сатып аламын. Бізге көмек көрсетіп отырған «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына өзім секілді ата- аналар атынан ризашылығымды білдіремін» дейді ол.

Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау

Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде