Айлық есебі тыңдалды

Жаңалықтар
03.10.2016, 11:59
Оқуға 2 мин
 Аптаның сейсенбі күні Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы директорының СОБ жөніндегі орынбасары Сәкен Қосымов төрағалық еткен жиында аға электромеханиктер мен телім басшыларының айлық есебі талқыланды. Олар  тамыз айында шыққан бұйрық негізінде құрылғыларды қысқы науқанға дайындап, келесі көктемге дейін ұқыпты ұстау, СОБ құрылғыларының жасалу қызметіне талдау жүргізу, ақаулықтар мен бұзылу жағдайларына жол бермеуді әңгіме арқауына қосып, әр бекетте қанша белгі тексерілді, қалай тексерілді, электр қозғалтқыштар соңғы рет қашан ауыстырылды, жұмыс барысы белгіленген кестеге сай жасалып жатыр ма, аға электр механиктердің қазан айына арналған жұмыс жоспарлары қандай тақылеттес сауалдарға бірлесе жауап іздеді. Жиында электромеханиктердің тапсырылған іс-шараларды сапасыз орындайтындығы, тіпті кей кездерде жасалмаған жұмыстар туралы жалған ақпар беретіндіктері сынға алынды. ─ Ай сайын аға механиктер мен телім басшыларының басын қосып, станция басында және шалғай бекеттерде қандай мәселе туындағанын, ақаулар барын анықтап, солардың орнын түзетуге жұмыстанамыз.  Пойыздық және маневрлік жұмыстарда ақаулықтар мен жұмыс өндірісі ережелерінің бұзылуына әкеп соғарлық жайттарға байланысты іс-шара өткізіп, себеп-салдарына үңілеміз. Кейбір кездерде ток мөлшері азайып, біздің құрылғыларымыздың жұмыс жасауына кедергі келтіріп жатады. Сондай жағдайларда Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясы басшыларына хабарлап отырамыз, – дейді Сәкен Жолдыбайұлы. Оның айтуынша, осы айда СОБ құрылғыларынан ешқандай ақау жіберілмеген. Алайда, қыркүйек айының 18-і күні Өзен станциясы бақылаусыз қалып, станция қолмен басқаруға өтіпті. Бопай станциясында үздіксіз қуат көзі қондырғысының аккумуляторы істен шыққан. Ал, 11 бекет пен 12 бекет аралығында, Үстірт станциясы мен 5 бекет аралығында, Маната бекеті мен 9 бекет аралығында ЦАБ-АЛСО кабельдеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 бекеттің жұп және тақ кіріс бағдаршамының батарейлік жәшігі ауыстырылыпты. Сол сияқты бекет аралықтарындағы литерлік белгілер жаңартылып, СОБ қондырғыларын қыс мезгіліне дайындау жалғасуда. Яғни, Маңғыстау белгі беру және байланыс дистанциясы теміржолшыларының қысқы маусымға бүгінгі дайындықтары 85 %-ға орындалып тұр.   

                                                                                                        Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде