Күзгі байқау жоғары нәтиже көрсетті
Бүгін, қыркүйектің 30-шы жұлдызы күні Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша ұйымдастырылған ең іргелі науқандық шара – күзгі байқау өз мәресіне жетті. Семей және Жаңасемей станциялары бойынша бастау алған биылғы сын Семей – Локоть телімі бойынша толық қадағалау жұмыстары жүргізілген соң аяқталды.
Ағымдағы жылғы тексеру қазірдің өзінде желі бойында нәтижелі жұмыс жүргізілгенін көрсетіп отыр. Байқауға даярлық шараларының ерте қолға алынуы және жол шаруашылығы мен өзге де мекемелерді материалдық тұрғыдан уақытында қамту ісі осындай озық көрсеткішке қол жеткізіпті.
Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, байқау барысында бірінші кезекте көктемгі сын кезіндегі ескертпелер тексерілген. Нәтижесінде олқылықтар толық жойылған, анықталған ақаулықтар қалпына келтірілген. Ал екінші кезекте желі бойындағы теміржол нысандарының алдағы қысқа даярлығы назарға алынды. Бұл шара бойынша да жаз бойы өнімді іс жүргізілгені мәлім болды. Шалғайдағы станциялар мен жол айрықтары 90 пайыз қысқа дайын. Қазіргі күні мекемелерге қатты отындар түсіріліп жатыр.
–Сонымен қатар, желі бойындағы теміржолшылардың әлеуметтік мәселесі де баса назарға алынды. Белгілі болғандай, сала қызметкерлері үшін елеулі жұмыс жасалынғанын айтып өтуге болады. Мәселен, Үшбиік станциясында теміржолшылардың өз күшімен платформа күрделі жөндеуден өткізілген. Бұл жолаушылар үшін де тиімді. Мұнымен қатар, барлық мекемелердің жылыту жүйелері, қазандықтары да толық тексерілді. Осы ретте бірқатар мекемелер бірігіп, ортақ жылыту қазандықтарының қызметіне сүйенбек. Бұл артық шығынға жол бермей, қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Барлығы да техникалық талапқа сай. Қорыта айтқанда, биылғы күзгі байқау бұрынғы жылдардағыға қарағанда анағұрлым жоғары нәтиже көрсетті, – дейді пікір білдірген бөлімше басшысы Марлен Кәрімұлы.
Әсіресе, 116,4 шақырымды қамтитын Шар – Жаңасемей телімі бойындағы жол айрықтары танымастай қайта жаңарыпты. Қызметтік өткелдер толығымен бетондалып, ғимараттар бастан-аяқ әктеліп-сырланған, көз сүйсінерлік. Яғни, нысандардың барлығы эстетикалық талапқа сай. Жолшылар мен локомотившілердің демалыс үйлері мен жылыну үйшіктері де жаңғыртылған. Бірқатар шағын станцияларда теміржолшылардың өз күштерімен балалардың ойын алаңқайлары да әзірленіпті. Алдағы қазан айының 13-і күні күзгі байқаудың қорытындысы шығатын болады. Осыған орай ұйымдастырылатын жиында еңбекті қорғауда, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда және қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қамтуда үздік саналған мекемелерді басшылық тарапынан марапаттау туралы ұсыныс көтерілуде.
Қуан ЕРТІС, Семей
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде