Үздік өнертапқыштар марапатталды

Жаңалықтар
03.10.2016, 12:49
«Шымкент бөлімшесі» ЖТ филиалының акт залында техникалық шығармашылықта белсенділік танытқан үздік өнертапқыштарды  марапаттау рәсімі өтті. Жиынға Шымкенттегі «Қазтеміртранс» АҚ, «Қала маңы тасымалы» АҚ филиалдарынан, Арыс және Түркістан локомотив пайдану депосынан, Шымкент, Арыс жол дистанциясынан,  Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы мен Арыс вагон жөндеу депосынан, Өрт сөндіру, Қалпына келтіру пойыздарынан техникалық шығармашылықпен айналысатын мамандар қатысты. Осы мамандар арасында «Темір жол көлік саласындағы адал еңбегі және техникалық шығармашылықты дамытқаны» үшін авторлық дипломмен Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Галина Попова мен осы дистанцияның жөндеу, тексеру (РРУ) цехының басшысы Нұрмұхаммед Қарабалаев марапатталып, «Үздік рационализатор» төсбелгілерінің иегерлері атанды, сондай-ақ, 15 айлық есептік көрсеткішті құрайтын сыйақыны қанжылады.   Үздік өнертапқыштарды марапаттауға Астанадан арнайы келген Ғылыми-техникалық ақпараттандыру және талдау орталығы бастығының орынбасары Жанар Ораз, өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік өнертапқыштар саны 1412 адамға жеткенін, оның 62-сі Шымкент өңірінен екенін және олар жалпы қатысушының 4 пайызын құрағанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықта  өнертапқыштар саны 21-ге тұрақтапты.   –  2015 жылдың қорытындысы бойынша 1289 өнертапқыштың жұмысы мақұлданды. Оның 49-ы шымкенттіктерге тиесілі болғандықтан, өндіріске енгізілген жаңашылдықтың 3,8 пайызын толықтырған. 2016 жылдың алты айында компанияға 597 рационализаторлық жұмыс ендірілсе, оның 15-і Шымкент өңірінен түсіп, барлық жұмыстың 2,5 пайызын құрады. Сіздерге техникалық шығармашылықпен айналысуға жағдай жасалып отыр, сыйақысы да бар. Сондықтан баршаңызды техникалық шығармашылықты дамытуға шақырамын, – деді Жанар Байқожақызы. Астаналық маман қазір автоматтандырылған басқару жүйесі (АСУ) арқылы Ғылыми-техникалық ақпараттық талдау орталығына түскен өнертапқыштық идея 7 жұмыс күні ішінде қаралатынын айтты. Бұл жүйе енген екі жыл ішінде, бүгінге дейін 480 мың жүйелік қатынас орнап, 30 мыңнан аса құжаттар көшіріліп, 180 мың құжат айналымда болған. Мұндағы қатты талап етілетін қордың бірі –  «Электронды кітапхана» болған соң, керекті ақпараттық материалдарды ішкі корпоративтік жүйеде көшіріп алуға мүмкіндік мол. Соңы  RAILWAYS.KZ болып аяқталатын барлық электронды адрестер «Электронды кітапханаға» тіркеусіз кіре алады. Сондай-ақ, өнертапқыштық  идеяларының тиімділігі жайлы  2015 жылы 70 мақала жарыққа шығып, оқырман назарына ұсынылған.    «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен бірлесіп 2010 жылдан бері Компания жыл сайын «Рационализатор. kz» конкурсын өткізуді  дәстүрге айналдыруда. 2015 жылы 13 өнертапқыштық жұмыс жіберілсе, осы жылы «Ең үздік техникалық шешім» атауына 20 үміткер қатысуға ниет білдіріпті. Аталған байқау жеңімпаздарының алды 1 млн, ортасы 500, соңы 300 мың теңге алатынын мәлімдеген Жанар Ораз, шымкенттіңк өнертапқыштарды бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға шақырды. «Үздік рационализатор» төсбелгісінің енгізілгеніне биыл бес жыл болыпты. Содан бері осы төсбелгімен 61  жаңалық табушы теміржолшы марапатталған. Соның төртеуі шымкенттік, яғни жалпы үздік мамандардың  6,5 пайызын құрап отыр. Белсенді рационализаторлар ретінде  Арыс вагон жөндеу депосының инженері Исламхан Алтаев пен Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының инженері Галина Папованың есімі айрықша аталды. Ал, қарағандылықтар  30 пайыздық үлеспен жақсы нәтиже көрсеткен. Тағы бір айта кететіні, жыл сайынғы «Менеджмент жобасы» конкурсы бойынша 4І жүйесінде идея жіберу мерзімі аяқталып, осы күнге дейін 356 жас маман тіркелген. Қазір бұл жүйедегі барлық жобалар құрылымдық бөлімшелер арасында бағалануда екен.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА Шымкент

 
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды