Рельс үлгілері – көрмеде
Ақтөбеде Ресей мен Қазақстанның тауар өндірушілері қатысқан екі күндік XV-ші «Еуропа – Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» көрмесі өтіп, оған Ақтөбе рельсарқалық зауытының рельс өнімдерінің үлгілері қойылды.
Зауыт өкілінің айтуынша, мұндай көрменің берері көп. Шара барысында өзге де өнеркәсіп құрылымдарымен ақпарат алмасып, байланыс орнату мүмкіндіктері туады. Кездесулер өткізіліп, бизнес субъектілері өз тауарлары мен қызметтері туралы мәліметтерді жеткізе алады.
Көрменің мақсаты – Ресей Федерерациясы мен Қазақстан Республикасы өңірлері арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және қоғамдық ынтымақтастықты дамыту, Ақтөбе мен Орынбор облыстары арасындағы қатынастарды нығайту.
Халықаралық көрме жұмысына Қазақстан және Ресейдің 22 қаласы мен аудандарынан 140-тан астам кәсіпорын қатысты. Олар негізінен машина, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия және ресурсты үнемдеу, құрылыс индустриясы, арнайы техника, автокөліктер, ауыл шаруашылығы, химиялық, жеңіл тамақ, және жиһаз өнеркәсібі, халықтық қолданыс тауарлары, киім және тағы басқа салаларды қамтыды.
–Санаулы күн бұрын Ресейде өткен үлкен көрмеге де рельсарқалық зауытының өнімдерін апардық. Мүмкіндік болса, мұндай шаралардан қалмауға тырысамыз, – дейді көрмеге қатысқан зауыт өкілі.
Асқар АҚТІЛЕУ, Ақтөбе
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде