Семинар тақырыбы – түйіспесіз рельстер

Жаңалықтар
11.10.2016, 16:06
Оқуға 2 мин
Ақтөбе жол дистанциясында «Түйіспесіз жолдарды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру» және «Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жұмыстарын ұйымдастыруда тәжірибе алмасу» деген тақырыптарда екі күндік семинар-кеңес болып өтті. Алғашқы күні филиал басшылары мен жол және құрылғылар департаментінің менеджерлері сөз алды. Сондай-ақ, Көкшетау мен Арыс, Шу жол дистанцияларының өкілдері өз өңірлері бойынша баяндама жасады. Шара барысында жол дистанцияларының бас инженерлері мен инженер-технологтары күнделікті жұмыс барысы, қордаланып қалған мәселелер, сонымен бірге олардың шешілу жолдарын талқыға салды. Түйіспесіз жолдарды пайдалану мен ондағы қиындықтар, жалпы қолданыстағы мұндай рельстердің жағдайы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ өндірістік тәжірибе барысын қамтитын видеофильм көрсетіліп, көрнекі құралдардың көмегімен түйіспесіз рельстердің қолданылу барысы туралы түсіндірілді. Семинардың бір бөлігі еңбек қорғауға арналды. Әсіресе, жол дистанциясының жұмысында еңбек қорғау талаптарының сақталу барысы егжей-тегжей сөз болды. Төрт сағаттық технологиялық «толаскез» кезінде темір жолдың шпалды торларының қуатталу процесі көрсетілді. Ақтөбе жол дистанциясы директорының орынбасары Дархан Орынбаевтың айтуынша, түйіспейтін жолдар темір жолдың әлемдік тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Жолдың динамикалық көрсеткіштерін жақсартып қана қоймай, жөндеуаралық мерзімді ұлғайтуға септігін тигізеді. Жолдарды түйістіруге қажетті қондырғылардың қажеттілігін азайтады. –Сонымен бірге өтіп жатқан пойыздың дүрсілі азаюы есебінен экологиялық жағдайдың жақсаруы, түйіспесіз рельсті пайдалану барысында темірбетон шпалының бүліну деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ түйіспесіз рельстің бір артықшылығы, оны төсегенде бұрын да қолданыста болған рельс-шпал торларының пайдаланылуы болмақ, - дейді дистанция директорының орынбасары. Шараға қатысушылар теориямен қатар практикалық тұрғыда да жол дистанциясында түйіспесіз рельстердің қолданылу барысымен танысты. Меймандар семинардың екінші күнінде Ақтөбе рельсарқалық зауытының жұмысымен танысты. Шара соңында өзара пікір алмасып, қорытынды жасады.  

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді