Жұмыс үдерісін жоғары бағалады

Жаңалықтар
18.10.2016, 11:56
Оқуға 3 мин
 Қазақстан – Қытай шекарасында орналасқан мемлекетаралық шекаралық түйісу станциясы Достықта контейнерлік пойызды өңдеу үдерісі  бар-жоғы 4 сағатты құрайтынына Қытайдың Үрімші темір жолдарының өкілдері осы жылдың 10-14 қазан аралығында аталған станцияға жасаған  жұмыс сапары барысында көз жеткізді. Меймандар бұл жолы станцияда қайта тиеу операцияларының барысымен танысып, қазақ теміржолшыларының жұмысты ұтымды ұйымдастыру тәсіліне тәнті болды.  Достық – Еуропа мен Азия арасында темір жол көлігімен жүк тасымалын қамтамасыз етіп отырған шекаралық станция. Достық станциясында атқарылатын контейнерлік пойыздарды қайта тиеу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады. Оның ең маңыздысы пойыздарды қытайдың тар табанды темір жолдарынан кең табанды біздің жолдарға қайта тиеу  табылады. Бұл жерде жүк құрамын өңдеу операцияларына шекаралық-кедендік аймақтардан өту және ілеспе жүк құжаттарын тексеру процедуралары кіріп отыр. Біркелкі тәртіпке салынған жұмыс сұлбасының арқасында, қазақ-қытай шекарасын қиып өтетін пойыздарды қабылдап-жөнелту үдерісі жеделдетілді. Контейнерлік құрамды қабылдау, вагондарды түсіріп және қайта тиеу үшін қажет уақытты, санаулы ай ішінде 6 сағаттан 4 сағатқа дейін қысқартуға қол жеткіздік. Өткен күнге оралсақ, тәуелсіздік алған алғашқы жылы, яғни ҚХР мен Қазақстан арасында жүк және жолаушылар қатынасы енді орнығып, әрекет ете бастаған шақта, Достық станциясының өткізу қабілеті тәулігіне барлығы 32 вагонды құрайтын еді. Ал қазіргі таңда теміржолшылар тәулігіне 1000 вагонға дейін немесе жылына 20 млн тоннаға дейін жүкті өңдей алады, – дейді Достық станциясы директорының логистика жөніндегі орынбасары Жандос Әбдуманапов. Осы арада, атап өтерлігі, шекаралас аймақ теміржолшылары арасындағы ынтымақтастық ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жібек жолын өркендету және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиняның «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін»  дамыту бойынша идеяларын жүзеге асыруға мақсат етіліп отыр. Бұл Азия-Тынық  мұхиты аймағы, Таяу Шығыс, Шығыс және Батыс Еуропа елдерін байланыстыратын, Қазақстан аумағында қосымша трансқұрлықтық бағдардың жасақталуына мүмкіндік бермек. Шетелдік делегация өкілдері жұмыс сапары барысында Достық станциясындағы қайта тиеу үдерісін бақылап, реттейтін барлық нысандардың жұмысымен танысып, Қытайдан Еуропаға бағыт алған контейнерлік пойызды қайта тиеу үдерісінің куәгері болып, қазақстандық  әріптестерінің өндірісті жеделдетуде қол жеткізіп отырған жетістіктерін ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында Үрімші темір жолдарының мамандары қазақстандық әріптестерінің жұмыс деңгейін жоғары бағалап, қайта тиеу үдерісінің шапшаңдығына тәнті болғандарын атап өтті. Делегаттар біздің елдің теміржолшыларының тиімді жұмысы мен техникалық әлеуеті арқасында, Қазақстан аумағы арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағынан Еуропаға бағытталған, жүктердің еш кедергісіз және уақытылы жеткізілетініне  кепілдік беретініне сенім білдірді. Сөз реті келгенде, қазақ-қытай темір жолы әкімшіліктері ынтымақтастығының соңғы бес-алты жыл төңірегінде күшейе түскенін айтар едік. Мысалы, 2015 жылы Қытайдан Еуропаға бағыт алған 375 контейнерлік пойыз ұйымдастырылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 65 пайызға артқан болатын. Ал кері бағытта 202 контейнерлік пойыз ұйымдастырылған. Жалпы былтыр  жалпы көлемі 55,5 мың ДФЭ-ні құрайтын 648 транзиттік контейнерлік пойыз ұйымдастырылып, қазақстандық теміржолшылар жұмыла көтерген жүк жеңіл боладының жарқын үлгісін көрсеткен еді. Ал қытайлық теміржолшылардың кешегі іс сапары барысында Достық станциясындағы қайта тиеу жұмысын оң бағалауы сөзімізге айқын дәлел болып отыр.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді