Алғашқы қар әбігерге салды
Өткен апта соңында тоқтаусыз жауған алғашқы қар жамбылдықтарды әжептеуір әбігерге салды. Рас, төтенше жағдай қызметі өңірде күн суытып, жаңбыр жауып, соңы қарға ұласатынын ескерткен болатын...
Бірақ екі кештің ортасында жапалақтап қар жауып, жер-дүниенің бәрін әп-сәтте бір қарыстай қар басып қалады деп ешкім ойламаған еді. Еріп жауған қарды көтере алмай тамырымен қопарылып құлап жатқан ағаштар, сынып түскен бұтақтар көшелерді басып қалып, көлік қоғалысына қиындық тудыруда. Жол бойы үзіліп жатқан желілер де көп, қалада үш мыңға жуық тал құлапты. «ҚТЖ» ЖТ» АҚ филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің Бас инженері Асылхан Тайлақбаевтың айтуынша, қала әкімдігі теміржолшылардан көмек сұрап, жамбылдық теміржолшылар қаланың коммуналдық қызметіне көмекке келген. Техника жағынан және көшені тазартуға қосымша күш жіберілген.
Жалпы, әу бастан-ақ теміржолшыларға бекітілген облыс орталығындағы магистральді көшенің бірі – Байзақ батыр көшесін тазалауды теміржолшылар, қар жауған күні-ақ бастаған болатын. Одан басқа станция мен вокзал қызметкерлері өз аумағын тазартты.
– Күннің райын алдын ала болжай отырып, Жамбыл станциясының басында күндіз-түні сексен адам кезекшілікте тұрды. Алғашқы қар қалың жауды. Дегенмен, пойыздар қозғалысына еш кедергі болған жоқ. Мамандар өздеріне бекітілген учаскелерді бақылауға алып, мекеме басшылары кезекшілікті күшейтті. Жүк және жолаушылар пойыздарының кестесі бұзылған жоқ. Электр және байланыс құрылғылары бойынша ақаулар болды. Дегенмен, ол олқылықтар тез қалпына келтіріліп отырды. Бізде қысқа дайындық жүз пайыз деп айтуға негіз бар. Өйткені, алдында ғана өткен күзгі комиссиялық байқау кезінде бұған көзіміз жетті, – дейді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев.
Арсен Байзақ,
Тараз
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді