«Барқыт» жолдарды қамтамасыз етеді

Жаңалықтар
18.10.2016, 12:13
 Соңғы жылдары салалық жарыстың көш басынан табылып, жүлделі орыннан түспей келе жатқан Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорыны солтүстік және шығыс өңіріндегі жол шаруашылықтарының қажеттіліктерін өтеп, өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Ұзындығы 25, 70, 100, 120 метр болып келетін жаңа рельстерді жасалу технологиясына қарай басын қосып, ұзынөлшемді рельстерді пісіріп шығаратын кәсіпорынның негізгі қызметі «барқыт» жолдарды қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар пайдалануға жарамды ескі рельстерді түзеп, қайта қалпына келтіру және олардан ұзынөлшемді немесе 25 метрлік рельс бунақтарын дәнекерлеп шығару, қала берді ПРСМ  – Жолдағы рельсті дәнекерлеу машинасымен рельс бунақтарын қалпына келтіру, сондай-ақ, жолдағы рельстерді жөндеу, яғни рельстің тозып кеткен бастарын, бағыттағыш бұрмалардың айқастырмаларын балқытып қаптастыру, байланыстырушыларды пісіру жұмыстарымен де айналысады. Мұның сыртында, Жол және құрылыстар департаментінің тапсырысы бойынша жолдың үстіңгі құрылымына қажетті материалдар, атап айтқанда, рамалық рельстер, ауыспалы рельстер, рельстік байланыстырушылар, фигуралық рельстер дайындайды. Кәсіпорын былтыр ескі жарамды рельстермен көп жұмыс істепті. Ал биыл жаңа рельстерді пісіріп, дәнекерлеуде екен. Бұрындары рельс бунақтарын пісіру үшін 25 метрлік  рельстер Ресей, Украинадан сатып алынатын болса, биылдан бастап жаңа рельстер Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытынан жеткізілуде. Және бір атап өтерлігі, бұл рельстерді Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорнының мамандары ұзынөлшемді рельстерді тасымалдауға бейімделіп жасалған арнайы құрамдармен өздері әкелетін көрінеді, өйткені ҚТЖ мен АРАЗ арасындағы келісімшарт осындай.   Өндірістік-техникалық бөлім бастығы Сергей Барботько алға тартқан деректер, расымен биыл тоғыз айда ескі жарамды рельстермен жұмыс істеуге басымдық берілмегенін айқындай түседі. Айталық, жөнделген ескі жарамды рельстерден 18,453 км/п ұзынөлшемді рельс бунақтары дайындалып, межелі тапсырма 78 пайызға орындалған. Бұған ұзынөлшемді рельстерді пісіру үшін жөндеуге келіп түскен ескі рельстердің көбісінің әбден тозығы жеткені де әсер еткен. Сәйкесінше, теңгергіш рельстер жоспары да межесінен табылмаған. Рельс бунақтары көбінесе блок-учаскелерге дейін ұзартылған телімдерге және теңгергіштері жоқ біржақты рельс телімдеріне пісірілген. Сөйтіп, былтырғыға қарағанда биыл есепті мерзім ішінде Р65 ескі жарамды рельстерден ұзын өлшемді бунақтарды пісіру 120 км/п аз болып отыр. 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 100-120 метрлік рельстерді қабылдау үшін қабылдау қоймасына жүк көтергіш жабдықты орната отырып, қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ, ТУ СТ АО39745182-045-2010 сәйкес, 120,100,7 метрлік жаңа рельстерді 800 метрлік ұзынөлшемді бунақтарға дейін жеткізіп пісіру бойынша бағдарлық картасымен бірге технологиялық үдерістер жасалып, енгізілді, ол РСП-1 цехтарында орнатылған жабдықтарға қарай пісіруге ыңғайлы етіп жасалған. 120 метрлік рельсті ұзынөлшемді бунақтарға бейімдеп пісіру бір уақытта екі технологиялық линиямен жүргізіліп, бірден рельстасушы құрамдарға  тиеледі, – дейді бөлім бастығы. Сергей Барботько Франция, Австрия, Ресей, Украина сияқты елдердің өндірісінен шыққан технологиялық жабдықтарды пайдаланып отырған кәсіпорында жұмыскерлерге қолайлы еңбек жағдайы жасалғанын айтады. Жаңа жабдықтардың енгізілуімен жұмыс едәуір жеңілдеп, өнімділігі арта түскен. Әрі шапшаңдығы да артқан. Бұған жабдықтарды компьютермен басқару көмегін тигізуде екен. Мысалы,  осыдан он үш  жыл бұрын кәсіпорын толықтай қайта құрылымдалып, жаңа келбетке ие болғанға дейін  бір түйіспені пісіруге шамамен 7-8 минут шамасында уақыт жұмсалатын болған, ал компьютерлік бағдарлама негізінде жұмыс істейтін К-1000  дәнекерлеу машинасын орнатылғаннан бері бұл операция 3 минут ішінде жүзеге асырылуда. Ал Францияның Жейсмар фирмасынан шыққан PRV-250 станогының жөні тіптен бөлек. Оған иненің жасуындай барлық жарықшақты анықтап түсіріп алу үшін фрезамен бір-екі мәрте өтіп шықса, жетіп жатыр. Біздің рельс дәнекерлеу кәсіпорнының негізгі қызметі – рельс бунақтарын пісіру. Көбінесе, жаңа 25 метрлік рельстерден біз темір жолдарға төселетін ұзындығы 150 метрден 800-ге дейін жететін ұзынөлшемді түйіспесіз бунақтарды жасап шығарамыз. Ал бұл бунақтар пойыздардың қозғалыс жылдамдығын еш алаңсыз көтеруге, жолаушылардың өздерін ыңғайлы сезінуіне мүмкіндік береді. Себебі, түйіспе жолдардағыдай селкілдеу жоқ, сол себептен мұндай жолдарды ауызекі тілде «барқыт» жолдар деп атайды. Оның үстіне, түйіспесіз жолдардың проблемалары да жоқ. Мәселен, түйіспе жолдарда болттар мен өзге де тетіктердің жағдайын үнемі бақылауда ұстау керек. Біздің цехта «айдауға қарсы рельсті пружин» дайындайтын цех бар.  Мұнда аты айтып тұрғандай, жолдың үстіңгі қабатына қажетті «айдауға қарсы»  материал дайындалады, жол шаруашылықтары жиі тапсырыс беретін бұл материал пойыздардың жүрісі кезінде рельстердің орнынан қозғалып кетпеуін қамтамасыз етеді, – дейді өндірістік-техникалық бөлім бастығы Сергей Барботко. Бүгінде кәсіпорында түрлі ұлт өкілдерінен құралған үш жүздей адам бір атаның баласындай ынтымақ-бірлікпен жұмыс істеуде. Цехтарда техника қауіпсіздігінің сақталуы міндеттелсе, сәйкесінше, жұмысшылар мен шеберлер арнайы киім-кешек, қорғану көзілдірігімен қамтамасыз етілген, зиянды еңбек жағдайы саналатындықтан тегін сүт таратылып тұрады. Әртүрлі мамандықтың тізгінін ұстаған мамандар кәсіпорында 10-ға жуық жұмыс түрін жүзеге асырады. Кәсіпорын цехтарындағы жұмыстардан бөлек РДК қызметкерлері жол үстінде ПРСМ техникаларымен жол үстінде рельс бунақтарын қалпына келтіру,  пісіру жұмыстарын атқаруда. Бұл жұмысқа қатысты жоспар көрсеткіші көтеріңкі. Айталық, тоғыз айда 8790 түйіспені пісіру межеленсе, бұл тапсырма 2225 түйіспеге артық орындалыпты. Сондай-ақ, бағыттағыш бұрмаларды айқастырмаларын қалпына келтіру, рельстің тозған аяқ жағын балқытып құю, жолдағы рельстерді жөндеу, айталық, тозған аяқ жақтарын құю, бағыттағыш бұрмаларды әрлеу сияқты жұмыс жоспары да толығымен орындалуда екен.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады
Инфрақұрылым
22.07.2024
Күрделі жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда
Әлеумет
22.07.2024
Теміржолшылардың балалары лагерге аттанды
Спорт
22.07.2024
Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай Таразда спартакиада өтті
Жаңалықтар
22.07.2024
Ауғанстан, Түрікменстан және Өзбекстан делегациясы Бейнеу астық терминалының мүмкіндігімен танысты
Жолаушылар тасымалы
22.07.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
Темір жол тарихы
21.07.2024
«Алатау» жүрдек пойызы қалай пайда болды?
Жаңалықтар
19.07.2024
Жаңа – Есіл локомотив депосының паркі жаңартылды
Жаңалықтар
19.07.2024
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша өткен байқаудың жеңімпаздары анықталды
Станция тынысы
19.07.2024
Шағыр станциясында жүк тиеп жөнелту артып келеді
Аймақтар
19.07.2024
«Жасыл істер марафонында» Жамбыл бөлімшесі бірінші орынды жеңіп алды
Жүк тасымалы
19.07.2024
Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталмақ
Сұхбат
19.07.2024
Барлық сын-тегеурінге төтеп бердік
Инфрақұрылым
19.07.2024
11 мың шақырым теміржол жөндеуден өтеді
Жаңалықтар / Мұрағат
19.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №59 19 шілде 2024 жыл
Қауіпсіздік
18.07.2024
Темір жолдағы химиялық апаттарды жою бойынша оқу-жаттығу өтті
Әлеумет
18.07.2024
50 бала лагерьге аттанды
Қауіпсіздік
18.07.2024
Жанып келе жатқан жолаушылар пойызы сөндірілді
ҚТЖ келбеті
18.07.2024
Велосаяхатшы сапарға шықты
Жүк тасымалы
18.07.2024
Қазақстанда теміржол көлігімен тасымалданатын шикізаттық емес экспорт көлемі артты