Жол өткелдері жаңартуда
Ағымдағы жыл Семей теміржолындағы жол шаруашылығы үшін табысты болды. Әсіресе, қауіпсіздік мәселесі бойынша ілкімді істер көп.
Бұрын-соңды орын алмаған жаңашылдықтарға негізінен Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы ұйытқы болуда. Алдағы қысқа даярлық шараларының ішіне желі бойындағы қауіпсіздік мәселесі де кіреді. Бұл ретте ПЧ-39 мекемесімен Жаңа-Семейдегі ПЧ-40 және Аягөз қаласындағы ПЧ-42 бойынша жол өткелдерін жаңалау мен жаңадан орнату ісі жоспарға сай толықтай жүзеге асырылды. Бір ғана мысал, Семей жол дистанциясына қарасты 37 жол өткелі жүз пайыз күрделі жөндеуден өткізілді. Байырғы жылдардан ерекшелігі, қала ішіндегі осындай бірқатар нысандарға арнайы бейнебақылау камералары орнатылды.
Сондай-ақ, ПЧ-39 мекемесінің басшысы Рахат Ботаспаевтың айтуынша, әсіресе, жол өткелдеріндегі кезекшілік қойылатын постыларға ерекше мән берілуде. Ондай орындарға арнайы аншлагтар ілініп, маңайлары абаттандырылыпты. Мәселен, қала ішіндегі автокөлік күре жолын қиып өтетін, қозғалыс нөпірі қалың 652-ші шақырымға осындай нысан орнатылып, талапқа сай етілген.
Сонымен қатар, Семей жол дистанциясының бас инженері Мырзабек Керейбаев жол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселесі бойынша кешенді жұмыстарға жетекшілік етеді. Қазіргі күні бұл тараптағы профилактикалық шаралар күшейтілуде.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді