Үндеу жариялады

Жаңалықтар
18.10.2016, 15:55
Оқуға 3 мин
Ақмола көлік прокуратурасы ҚР-ның «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабын басшылыққа ала отырып, темір жол маңында орналасқан қала тұрғындарына қатысты үндеу жариялап отыр. Онда темір жол саласында заңдылықты,  қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды болдырмау баршамыздың парызымыз екені айтылып, осыған орай, көлік прокуратурасы темiр жол көлiгiнің қажеттілігіне арналған жерлерде заңдылықты сақтауға, заңнама талаптарын мүлтіксіз орындауға және темір жол қауіпсіздігі саласындағы қағидаларды бұзбауға шақырып отыр. Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» Заңының 20 бабы 2 бөлігіне сәйкес темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарына көлiк құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектiлерiнiң сақталуын, берiктiгiн әрi орнықтылығын қамтамасыз етуге қажеттi қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелерi, сондай-ақ темiр жол көлiгiне бөлiнген белдеуге жанасатын, сел қаупi, көшкiн қаупi және басқа да қауiптi жағдайлар болатын аймақтардағы және өңiрлердегi жер учаскелерi жатады. Қорғалатын аймақтардағы жерлердi пайдалануға шектеу қойылған жағдайлар Заңның 21 бабында көрсетілген. Яғни, темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарында, темiр жол көлiгiнiң қажетiне арналған жерге iргелес жатқан учаскенiң меншiк иесiнiң немесе оны пайдаланушының жазбаша келiсiмiнсiз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау-кен жұмыстарын жүргiзуге; көшкiннiң, шөгiндiнiң, сел тасқынының, сай-жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйiндiлерiнiң, көшкiнiнiң туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкелiп соғатын тәсiлдермен ағаштарды кесуге және өсiмдiк қабатын бұзуға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі №284-І бұйрығымен бекітілген «Қорғалатын аймақ жерлерін пайдаланудың өлшемін, режимін белгілеу және жерлерді бөлінген алқаптағы темір жол көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану жөніндегі ережені бекіту туралы» Бұйрығының 7 тармақшасына сәйкес, сусымалы құм аудандарындағы темір жол көлігінің қорғалатын аймақтар, бөлінген жер алқабын қоса алғанда, темір жол осінің әр жағынан 500 метрден кем емес арақашықтықта белгіленеді. Қорғалатын аймақтар жерiнiң меншiк иелерi мен пайдаланушылары темiр жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтарындағы жерлердi пайдаланудың режимiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауапкершілікте болады. (Заңның 21 бабы 2 бөлімі). Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 559 бабына сәйкес, темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзғандығы үшін бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен 20 айлық есептiк көрсеткiшке дейін айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 201-бабына сәйкес, жерге заттай құқықтарды бұзу, яғни бөтен жер учаскесiн заңсыз басып алуға бағытталған қылмыстар үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік көзделген, – дейді Ақмола көлік прокуроры, әділет кеңесшісі Қ.Раманқұл. 

Ислам ТАЛҒАТ

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті