Еңбек қорғау ілімі
Денсаулықты жоғалту оңай, ал қалпына келтіру қиын. Бұл қағида әсіресе техникалық саладағы еңбек барысында тіптен өзекті саналады.
Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша аталмыш қызметкерлер адами фактор бойынша қауіпсіздікті сақтауда биыл тың табыстарға қол жеткізіп отыр.
Еңбекті қорғау инженеріне қойылар талап та, міндет те көп. Мәселен, ҚР Еңбек кодексі мен әкімшілік құқықты білуде заңгер десек, өндіріс барысында жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуде дәрігер деуге болады. Бұған қоса, технологиялық процесс, техникалық құрылғыларды бақылау мен жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп, қатардағы теміржолшыларға дәріс беруде – педагог. Әлбетте, мұның сыртында пойыздар қозғалысы, электр қауіпсіздігі, өрттің алдын алу, санитария, нормативтік материалдармен жұмыс, БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізу сынды өзге де мәселелер жетіп артылады. Мұның барлығы аталмыш саланың зор жауапкершілігін айғақтайды, – дейді НЖС-6 бойынша еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишев.
Қазіргі таңда Семей магистральдық желі бөлімшесін қамти алғанда, әр мекемеде 11 еңбекті қорғау инженерлері өнімді қызмет атқаруда. Соның ішінде теміржолшылар өмірі мен денсаулығын сақтауда бірде бір оқыс оқиғаға жол бермеген мамандар бар. Атап айтсақ, Семейдегі Гүлзавира Елемесова жетекшілік ететін ПЧ-39 бен Аягөздегі Ардақ Абылғазинов жұмыс жүрізетін ШЧ-30 мекемесінде соңғы 20 жылда еңбек қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайттарға мүлде жол берілмеген. Яғни, осынша уақыт аралығында жарақат алу түгілі бірде бір теміржолшы саусағын қысып алмауы немесе жұмыс орнында сүрініп құламауы, расында да еңбекті қорғау инженерлерінің жұмыстағы жетістігі саналса керек.
Жомарт Слямқанұлының айтуынша, магистральдық желі бөлімшесі бойынша бұл басты жаңалық емес көрінеді. Ерекшелеп айтар тағы бір жайт, желі бойындағы кәсіпорындардағы еңбекті қорғау инженерлерінің барлығы да бір лауазымда ұзақ жылдардан бері тапжылмай қызмет атқарып келеді.
Сонымен қатар, Семей жол дистанциясының техникалық дәрісханасынан арнайы еңбекті қорғау мүйісі ашылған. Онда өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, психологиялық кеңес, кәсіптік аурулар туралы суреттер мен қызықты фактілер арқылы мол мағлұмат берілген. Мұндай арнаулы орын Ұлттық компания құрамындағы өзге бөлімшелердің ешбірінде жоқ көрінеді.
Біздің міндетіміз теміржолшылардың денсаулығын сақтап, қызмет бойынша өлім-жітімге ұшырау тәуекелділігін төмендету ғана емес, қатардағы жұмысшылар өмірінің ұзақтығын да қамтамасыз ету. Бұл ретте желі бойына іссапармен шығып, инструктаж өткізуден бөлек қосымша жұмыстарға да баса мән береміз. Мәселен, үнемі ізденіс жүргізу нәтижесінде қызметімізге түрлі жаңашылдықтар енгізудеміз. Қазіргі таңда еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындардағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттаудамыз. Ерекшелеп айтқанда, еңбекті қорғау өз алдына үлкен бір ілім, – дейді Семей жол дистанциясында 22 жыл бойы табан аудармай еңбекті қорғау инженері қызметін атқарып келе жатқан Гүлзавира Қайырбекқызы.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті