Күзгі байқау нәтижелері
Биыл Жамбыл өңірінде күзгі комиссиялық байқау кеші өтті. Оның өзіндік себептері де болды. Жамбыл жол бөлімшесінде күзгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша өткен техникалық кеңесте бірқатар жайттардың беті ашылды.
Биылғы жылы күзгі байқау қыркүйек айының 12-сі мен қазан айының 12-сі аралығын қамтыды. Комиссиялық байқау қорытындысы бойынша алғаш болып бас инженер Асылхан Тайлақбаев хабарлама жасады. Бас инженер бүгінгі күні мекемелерде уақытылы келген телехабарламаларға дер кезінде назар аударылмайтындығын баса айтты. Сондай-ақ ол станциялардағы ақуалдарға кеңінен тоқталды.
– Кей станцияларда жаяу жүргіншілердің өткелдерінен азаматтардың өту тәртібі, станция басына мал жайылу деректері әлі де орын алып отыр. Ал бұл мақсатта алдын алу шаралары жыл басынан қолға алынған болатын. Айлықтар да өтіп тұрады. Әсіресе, мал басу оқиғалары жиі орын алып келеді. Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша станция басшылары техникалық оқуларды өткізуде бірізділік сақтамайды. Сондай-ақ станциялардағы қысқы маусымға дайындық және жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру жайы да көңілге қона бермейді. Әрине, жекелеген станциялар бойынша, – деді Асылхан Тайлақбаев.
Бұдан кейін сөз алған Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев желі бөлімшесіне қарасты мекемелерде күзгі комиссиялық байқау кезінде барлығы 868 ескерту және 22 тоқтату шаралары болғандығын алға тартты. Атап айтқанда жол шаруашылығында 468 ескерту, 22 тоқтату шаралары. Байланыс және сигнал беру шаруашылығында 196 ескерту және электрмен жабдықтау шаруашылығында 204 ескерту болыпты. Бұл олқылықтар бойынша 60 теміржолшы тәртіпті жазаға тартылған. Оның 8-не қатаң сөгіс, 36-на сөгіс, 16-на ескерту беріліпті. Сондай-ақ Жамбыл телімі бойынша аймақтық бас ревизор Мейрамбек Серікбаев өзінің алдында хабарлама жасаған бас инженер мен магистральді желі бөлімшесі директорының хабраламаларымен толық келісетіндігін айтып: «Қосымша ретінде қозғалыс шаруашылығы бойынша ескертулерді айта келе, станция бас инеженерлерінің жұмысын ширату керек деп ойлаймын. Ал вагон шаруашылығы бойынша әлі күнге дейін қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі сезінеді. Жол шаруашылығы бойынша телімдерде көпірлердің тазаланбауы алдағы қыс мезгілінде қиындықтар туғызатындығын ескеру керек. Одан кейін көктем дегендей. Бұл қысқа дайындықтың баяу екендігін байқатады. Сондай-ақ көптеген шаруашылықтар бойынша мамандардың біліктілігін арттыру шаралары кенжелеп қалған» деген ескерту айтты.
Кеңесті қорытындылаған Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Берік Сағымбекұлы жоғарыда көрсетілген ескертулер бойынша жұмысты ширату қажеттелігін алға тартып, күзгі комиссиялық байқау барысында науқанға аса үлкен дайындықпен келген мекемелер мен теміржолшыларды атады. Олардың қатарында Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны, Түлкібас жол дистанциясы, Бурыл станциясы, Ірілендірілген Сары-Шаған жол дистанциясы, Қорағаты станциясы, Жамбыл байланыс және белгі беру дистанциясы, Шөлдала станциясы, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы, Маймақ станциясы, Шу машиналандырылған жол дистанциясы аталды.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді