Жол күтімі cенімді қолда

Жаңалықтар
21.10.2016, 15:58
Оқуға 3 мин
Ірілендірілген Қызылорда жол дистанциясы – Түркістан мен Жосалы станциялары арасындағы темір жол күтіміне жауапты. Жеті жүзден астам жолшылар ұжымынтәжірибелі теміржолшы Дүйсенбай Әбдиев көп жылдан бері басқарып келеді.        Дистанцияның техникалық бөлім бастығы Кенже Қойшыбаева жолшылардың жыл басынан бергі атқарған жұмысы, жалпы жол күтімі жайлы мәліметтер ұсынып, қыркүйек айындағы жоспарлы көрсеткіші 45 бірліктен 37 бірлікке жетіп, межелі жоспар 118 пайызға орындалғанын айтты.        Жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын сақтауға жолшылары барыншакүш салуда. Өткен жылы дистанцияға қарасты телімдерде тепловоз машинистері 107 рет шұғыл тежегіш қолданса, бұл көрсеткіш биыл 87 мәрте қайталанып отыр. Жолға иесіз малдың шығып кетпеуі үшін бұрын әр қада арасы бес метрден болса, қазір қоршаулардың мықтылығын арттыру үшін біздер екі-екі жарым метрден орнатудамыз. Және де қоршау сымына қосымша тікенекті сымды қосымша жүргізудеміздегенмен малдың жолға шығып кетуі азаяр емес, – дедітехникалық бөлім бастығы.        Бөлім бастығының ұсынған мәліметтерінекөз жүгіртсек, қыркүйек айында және тоғыз ай ішінде жұмыс барысындағы ақау тудырған оқиға орын алмаған. Алайда тоғыз айда 2 мәрте жұмыс барысында қиындық туындаған. Оның бірі наурыз айында Белкөл – Бірқазан телімінің 2840 шақырымында тепловоз машинисінің жолдың «шайқауын» байқауы болса, екінші жағдай наурыздың жиырма жетісінде Ақмая – Екпінді телімінің 2964 шақырымында  жолаушы пойызы машинисінің қараусыз малды басып кетіп, жедел тежегіш қолдануы жұмыс барысындағы қиындық болып тіркеліпті. Және де жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін бұзылуының өзге де оқиғалары 4 рет тіркелген.         Ірілендірілген Қызылорда жол дистанция ұжымы биыл жол жөндеу жұмыстарын өткізбегенмен телімдерді ағымдық жол күтімі тұрақты жүргізілуде екен. Және де жолшылар 2 жинақ жол бұрмаларын ауыстырып, 9 жинақ жаңа жол бұрмаларының брустарын ауыстырған. Ағымдық жол күтімі барысында 128 шақырым жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын, 40 жинақ бағыттамалы бұрмаларды алдын ала жөндеген, 4,1 мың дана оқшаулы түйіспелерді іріктеген, 9,1 мың дана рельстік жалғағыштар дәнекерленген екен. Сонымен қатар 4,5 мың дана қосалқы рельстік жалғағыштар орнатылып, 33 дана айқаспаларды балқытып жапсырған, жол бойының 60 шақырымдық қоршауы жөнделіп, жаңадан 15 шқ сым қоршау жасалған екен.Сондай-ақ, 6,56 мың дана жаңа шпалдар төсеп, 0,796 мың дана ескірген жарамды темір-бетон шпалдарды салып, 48,924 мың текше метр қиыршық тасты жолды ағымдық күтіп ұстау кезінде төсеген екен. Дистанция телімдеріндегі жолдың техталапқа сай болуын бақылап-тексеру күнделікті шаруа. Бұл жұмыстарға негізінен ақаутапқыш арбашалар жегіледі. Олардың дистанцияда 28 данасы бар, оның екеуі жолды екінші қайтара тексеруге арналған. Қыркүйек айында жоспарға сәйкес 2360 км негізгі, 135 км қабылдап-жөнелту жолдары және 1002 жинақ жол бұрмалары және 3300 пісірілген түйіспелер тексерілсе, тоғыз айда 21329 км негізгі жол, 1374 кмқабылдап-жөнелту жолдары, 9860 жинақ жол бұрмалары және 16696 пісірілген түйіспелер тексеруден өткізіліпті. Есепті мерзімде ақаулы рельстер анықталмаған.  Бүгінгі таңда күзгі байқау барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. 

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді