«Үздік еңбек әулеті» атанды

Жаңалықтар
21.10.2016, 16:04
Оқуға 2 мин
Темір жолда 400 жылдық еңбек өтілі бар Жаңабаевтар әулеті облыстағы байқауда осы құрметке лайық деп танылды. Арыстың Қабылсай бекетінде тұратын бұл отбасыдан тараған он жеті теміржолшы ата кәсіпті  жалғастырып келеді. Қыркүйектің соңғы күндерінде өткен «Еңбек күні» мерекесіне орай, еңбек әулеттерінің облыстық форумы болған. Үшінші рет ұйымдастырылған шараға биыл «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері», «Үздік еңбек әулеті» номинациялары бойынша сайыстар қосылған екен. Өңірлік комиссия мүшелерінің саралауынша, Жаңабай ақсақалдың әулеті темір жол саласындағы бір ғасырлық еңбегі арқылы аймақтың экономикалық өсіміне үлкен үлес қосқан, сондықтан да жүлделі орынға әбден лайық.   Әулеттің атасы Жаңабай қария мен жолдасы Райхан апа Қабылсай бекетінде теміржолшы болған,  он бала өсіріп, олардан 22 немере, 18 шөбере көріп отыр. Облыстан кейін республикалық байқауға жіберілген әулетке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Алғыс хаты тапсырылды. Біз өскен Қабылсай бекеті қазір жабылғанмен, ондағы алпыс түтін иелерінің бәрі теміржолшы. Бірі Арыста, бірі айналасындағы өзге станцияларда тер төгуде. Осы теміржолшылардың балалары үшін ауылымыздан жаңадан мектеп салынды, күздің соңғы айында ашылады деп күтілуде. Біз кезінде әр ауылдағы туыстардың үйінде, арасында интернатта жатып оқыдық. Енді қабылсайлық оқушылар өз үйінде жүріп оқитын болады, соған барлық қабылсайлықтар қуанудамыз. Әркім мектеп құрылысына қаржылай демеушілік көрсетті. Енді мектептің ашылу қарсаңында біздің әулеттің үлкені, ағамыз Тазабектің зейнетке шыққаны мен мерейтойлық 63 жасының құрметіне футболдан теміржолшылар арасында турнир өткізбекпіз, оған міне ата-анамыздың тойы қосылып отыр, қуанышымыз ерен, – дейді отбасының екінші ұлы, Шымкент бөлімшесінің диспетчерлік орталығында электр-механик болып қызмет атқаратын Панзарбек Жаңабаев.  

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті