Жылу бере бастады  

Жаңалықтар
21.10.2016, 16:41
Оқуға 2 мин
Қызылорда жүк бөлімшесіне қарасты темір жол мекемелерін сапалы ауыз сумен қатар маусымдық жылумен қамтамасыз ететін «Теміржолсу-Қызылорда» серіктестігі қазан айының 15-нен бастап өңірдегі теміржол мекемелері мен тұрғындарға жылу бере бастады. Аймақтағы сегіз станцияда орналасқан жылу қазандықтары түгелдей қажетті техникалық көмірмен жабдықталып, қатал қыстың аязына тас-түйін дайындалған екен. «Теміржолсу – Қызылорда» ЖШС-нің меншігіндегі Төретам, Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Белкөл, Шиелі және Жаңақорған станцияларында орналасқан 8 жылу қазандығы бүгінгі таңда толық жұмыс жасап, тұтынушыларын жылу қуатымен қамтамасыз етуде. Жылу қазандықтарынан шығатын орташа жылу қуаты сағатына 0,363 Гкалл көлемінде, бұл қуат тұтынушылардың жылу қажеттілігін толық қанағаттандыруға жеткілікті мөлшерде, – деді «Теміржолсу – Қызылорда» мекемесі техникалық бөлімнің жетекші инженері Мақсат Байхонов. Өңірдегі сегіз станциядағы жылу қазандықтарында ауысыммен жұмыс жасайтын 32 машинист-от жағушылар қажетті маусымдық киіммен қамтылған. Жалпы ұзындығы 1,35 км жылу жүйелері әр станциядағы тұтынушының саны мен мекемелердің көлеміне қарай өзгереді. Аймақтағы маңызды жаңалықтың бірі, жылу қазандықтарының бірі енді көгілдір отынмен жылытылуға көшті.  Бұған дейін қатты отынмен жылытылып келген Шиелі станциясындағы жылу қазандығына қосымша жаңа пеш орнатылып, биылғы жылу маусымында көгілдір отынға қосылған. Қуаттылығы 350 квт болатын «Нар КВа-0,35» маркалы жылыту пеші Көкшетауда жинақталған отандық өнім. Жылыту қазандығына қызмет көрсететін 4 машинист-оператор арнайы дайындықтан өткен.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті