Құрық – екінші теңіз қақпасы

Жаңалықтар
28.10.2016, 11:33
Оқуға 4 мин
Еліміздің батыс өңірінде салынып жатқан Құрық портындағы паромды кешенінің құрылысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасының шеңберінде жүзеге асып жатқан жобалардың бірі. Каспий теңізі арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында салынынп жатқан нысан стратегиялық тұрғыдан аса маңызды болып табылады. Тәулігіне 5 паромға қызмет көрсету мүмкіндігі бар паромдық кешеннің құрылуы нәтижесінде, жылына темір жол вагондарымен және автотрейлермен жеткізілетін 4 млн тонна көлеміндегі межеленген жүк ағынының, яғни мұнай өнімдері, химикаттар мен тыңайтқыштар, астықтың өңделуі қамтамасыз етілмек. Құрық портындағы паром кешенінің құрылысы былтыр сәуір айында басталып, сол  жылдың маусымында Боржақты – Ерсай теміржол желісі бойынша құрылыс жүктерін жеткізу үшін жұмыс қозғалысы ашылды. Сонымен Құрық портындағы паромдық кешен құрылысы Маңғыстау облысында Құрық ауылынан 17 шақырым қашықтықта салынып жатыр. Техникалық-экономикалық негіздеме бойынша жоба құны 31,7 млрд теңгені құрауда. Жобаның жүзеге асырылуы 2015-2017 жылдар аралығын қамтымақ. Жоба жүзеге асырыла бастаған уақыттан бері 7,6 млрд теңге игеріліпті.   «ҚТЖ» ҰК»АҚ филиалы – Темір жол желілері құрылысы жөніндегі дирекция мамандары алға тартқан мәліметтерге сүйенсек, теңіз бен порт аумағына инженерлік-геофизикалық және инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілген. Мамандар қазіргі кезде жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үстінде екен. Порттың көрмелік жолдар аумағында жер жұмыстарының  аяқталуы жақын,  үйіндіге 4,4 млн тонна текше метр топырақ жеткізіліп, жоспар 96 пайызға орындалыпты. – Ерсай станциясынан Құрық портына дейін кірме темір жол телімінде 12,26 км рельс-шпалды торкөздерін төсеу жұмыстары аяқталды. Кірме жолдың салынуы Батыс кедергілеу молына, яғни портқа кіретін жерде  құрылыстар салуға кірпіш тасымалын жеделдетпек. Батыс кедергілеу молының құрылысына 187 мың м3, ал шығыс молына 5 мың м3 кірпіш жеткізілсе, Каспий теңізі жағалауын нығайту үшін 21 мың м3 астам кірпіш жеткізілді. Кемежай айдынында түпті тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Паром кешенінің ашпалы-өтпелі көпірлерін дайындауға тапсырыстар орналастырылып, көпір тіректерінің негіздерін жобалау жұмыстары орындалды, сондай-ақ, металлқұрылымы дайындалуда, – дейді аталған дирекциясының бас менеджері Әлкей Төлегенов. Ал Индустрия және даму министрлігінің құзырындағы Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потловтың айтуынша, Каспий теңізінің жағалауында бой көтеріп жатқан «Құрық» портындағы паром кешені Қытайдан Батыс Еуропаға жол тартатын жүк керуендерін теңіз арқылы Әзірбайжанға, одан әрі Түркия арқылы басқа мемлекеттерге жеткізуге көмектесіп, еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттырмақ. Демек, «Құрық порты» Ақтау портына бәсекелес емес, жүк қабылдап, жөнелтуде серіктес болмақ. – Құрық портындағы паромдық кешен Қытай мен Еуропа арасында жасалып жатқан жаңа транзиттік дәліздің маңызды орталығының бірі болады. Бұған дейін «Арқалық – Шұбаркөл» және «Бейнеу – Жезқазған» темір жол магистральдарын жүзеге асырдық. Енді «Құрық» станциясы іске қосылса және портқа таяу жерге салынатын зауыттар бой көтерсе, ел бюджетін молайта түсетіні анық. Бұған қоса, осы жерден су көліктерін жөндейтін және оған қажет қосалқы бөлшектер жасап шығаратын зауытта салынады деп межеленген. Бұл шара «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, тәуелсіздігіміздің де іргесін нығайта түседі. Сондай-ақ, бүгінде құрылыс жұмыстарында 500-ден астам адам жұмысқа тартылған болса, порт пайдалануға берілген соң 100-ден астам адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі, – дейді Көлік комитетінің өкілі. Бүгніде порттың көрмелік паркін салу үшін жер төсемі дайындалып, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар, атап айтқанда, шпалдар, бекітпелер, ақтөбелік рельс зауытынан шыққан рельстерді дайындап қою жұмыстары жүргізіліпті. Сонымен қатар Құрық портының нысандарын қуат көзімен жабдықтау үшін ВЛ-10 кВ сыртқы электрмен жабдықтау линияларының құрылысы жүргізілуде екен, линия бойына 465 дана тірек орнатылып, 73 км құрайтын сым тартылған. Бұдан бөлек,  әкімшілік және өндірістік мақсаттағы нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатқан көрінеді, онда порттың әкімшілік және диспетчерлік қызметтері, сондай-ақ, «Құрық порты» халықаралық өткел пунктінің мемлекеттік органдары орналаспақ. – Қазір мұнда инженерлік коммуникациялар, электрмен жабдықтау нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  2016 жылдың желтоқсанында бірінші іске қосу кешені нысандарының құрылысы аяқталмақ. Бұл өз кезегінде, Құрық порты арқылы жүктерді қабылдап, жөнелтуге паром кешенінің техникалық және технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін болады. Ал екінші іске қосу кешені нысандары құрылысын 2017 жылдың желтоқсанында аяқтау көзделіп отыр, – деп түйіндейді сөзін Темір жол желілері құрылысы жөніндегі дирекция бас менеджері Әлкей Таңатұлы.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді