Айыппұл салынады

Жаңалықтар
28.10.2016, 11:43
Оқуға 2 мин
Соңғы жылдары экологтар қоршаған ортаны қорғау заңын күшейткелі, оны ластауға жол бергендерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынатын болды. Темір жол бойы қатты тұрмыстық қалдықтардан уақытылы тазарып тұрады, тіпті оның арнайы міндеттемесі де бар. Арыс Ірілендірілген жол дистанциясына жыл соңына дейін 102 тонна тұрмыстық қатты қалдық өткізу тапсырылса, бүгінге дейін оның 75 тоннасы орындалыпты. Мұның ішінде тепловоздардың майы тамған қиыршық тастардың  25 тоннасы шығарылған. Түркістан, Сарыағаш, Отырарда бес тоннадан, Арыста он тоннадан дегендей. Тепловоз бен электровоздан таматын майды топыраққа сіңірместен уақытылы алып тұру үш жылдан бері тұрақты бақылануда. Дистанциядағы экология, метрология саласына жауапты маман Жеңіс Жүзжановтың айтуынша, құрамында сынабы бар шамның жиырма данасы да тиісті жеріне тапсырылған. Дистанция аумағында тоғыз дрезина болса, жыл сайын олардың әр бөлшегі ескіреді. Көліктердің істен шыққан дөңгелектерін «Азия Груп» ЖШС алған. Құрамында қорғасыны бар жарамсызданған екі жүз кг аккумулятор батареясынан да аула тазарған. Тағы бір ескеретін жайт, Облыстық экология департаментінің ережесіне сай қалдықтың  паспорты болады. Дистанцияда сынапты шам, дәнекерленген темірдің ұшқындары, аккумулятор сынды он үш қауіпті қалдық «құжатымен» өңделетін жеріне жіберіледі. Дрезина, автокөлікті жөндегенде қолдың майын сүртетін шүберектен бастап,  техниканың қажетсіз бөлшектері, дәнекерленген темірдің ұшқын-қалдығы, экранының дисплейінде сынап бар компьютер құралдарының жарамсыз бөлшектеріне дейін түгел-түгел тапсырылған.

Бекәли АЛТЫН, Шымкент

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті