Цех қайта жабдықталуда

Жаңалықтар
01.11.2016, 17:38
Оқуға 2 мин
Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнына Ақтөбеде шығарылған рельстер жеткізілгелі кәсіпорындағы рельс дәнекерлеу цехы қайта жабдықталуда. Осы кәсіпорын ашылғалы бері еңбек етіп келе жатқан Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының бас механигі Жанатбек Лесбаев соның арқасында мұнда жұмыс өнімділігі артып отырғанын айтады.  Қазіргі цехтағы дәнекерлеу аппараты ресейлік. Ол кәсіпорынға 2008 жылы келген. Алғашында бұл аппараттар Ресейде жасалған ұзындығы 25 метр рельстерді дәнекерлеуге ыңғайланып, цехтағы құрылғылар да солай орналастырылған болатын. Ал бүгінгі күні мұнда отандық өнім жеткізілгелі цехты қайта жабдықтадық. Өйткені, қазақстандық рельстердің ұзындығы – 70, 100, 120 метр. Автоматтандырылған қондырғы қазір жарты сағатта ұзындығы 800 метр рельсті дәнекерлейді. Дәнекерлеу аппаратында  Ресей, Украинада оқып келген мамандар – Айдын Шаяхметов, Нұрәділ Масалимов, Елдар Қабибулиндер ауысым бойынша жұмыс жасайды. Аталған аппарат 24 сағат тоқтамай жұмыс істейді. Жоғарыда айтып кеткендей 25 метр рельстерді дәнекерлеуге арналған тораптардың барлығы дерлік қазір 70- 120 метр рельстерге толық ыңғайландырылды. Қазір бір ғана қанаты жұмыс жасап тұр. Алдағы бір айдың ішінде екі қанатта да жаңа рельстер дәнекерленетін болады. Дәнекерлеу апаратына ауа райы және тоқ қуатының мөлшеріне қарай арнайы бағдарламалар енгізіліп отырады. Цехта ауысым алдында  «бақылау үлгісі» дәнекерленіп, келесі ауысым оны сындырып қайта дәнекерлейді. Және цехта тұрған екінші украиналық дәнекерлеу аппаратымен ескі рельстер де дәнекерленеді, – дейді аға механик. Цехтан шыққан дайын өнім платформаларға тиелмес бұрын дефескоптық тексерістен өтеді. Дефескопист Рәтбек Қапалбаев дәнекерлеу цехынан шыққан рельстерді бақылап-тексеріп, белгі қойып отырады. Ақау табылмаған жағдайда рельстер бірден платформаға тиеуге жөнелтіледі. Рельсті соңғы тексеру осы жерде жүргізіледі. Ақау табылған жағдайда дефект картасы жасалып, рельс қайта цехқа жөнелтіледі екен. Онда арнайы кесу аппаратында кесіліп, сындырылады екен. «Әзірге өзімізде жасалған рельстерде еш ақау табылған жоқ. Жалпы, қазақстандық рельстер сапасы жағынан ресейлік рельстерден еш кем емес», – дейді Рәтбек Қапалбеков.

Арсен Байзақ, Луговой

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті