Көш басынан көрінуге жұмылуда
Өткен жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ұйымдастырған республикалық байқауда «Атырау вагон пайдалану депосы» филиалы өндірістік-шаруашылық қызметте жоғары нәтижелерге жеткені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталып, «Салалық жарыстың жеңімпазы» атанған болатын. Биыл да аталған мекеме өздеріне жүктелген қызметті өз дәрежесінде атқарып, көшбасынан көрінуге ұжым болып жұмылып отыр.
Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Атырау вагон пайдалану депосының атқарып отырған еңбегінің ауқымды екенін биылғы сегіз айда вагон қараушылардың 155 327 жүк вагоны мен 175 511 жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетіп, сондай-ақ, 1318 вагонды ағытып, жөндеуінен көруге болады.
Жалпы, облыс аумағындағы темір жолдар бойында орналасқан барлық жүк және жолаушылар вагондарының жағдайын қарап, дер кезінде олардың ақауын тауып, бұзылған жерін жөндеу, сондай-ақ, жүк вагондарына оларды тасымалдауға дайындау кезінде техникалық қызмет көрсету – осы мекеменің еншісіне кіреді. Сол себепті де мұнда өндірістік жұмысты орындау технологиясы, еңбек қорғау ережесі және қауіпсіздік техникасының талаптары қатаң сақталған.
Атырау вагон пайдалану депосы басшысының орынбасары Мұстахим Оразғұловтың айтуынша, 471 адам еңбек ететін депода күні бүгінге дейін ұжым қызметкерлері тарапынан ешқандай еңбек және технологиялық тәртіпті бұзу оқиғасы тіркелген емес. Жүріп келе жатқан пойыздың вагон дөңгелегіндегі ақауды автоматты түрде қабылдап алатын КТСМ-02 құрылғысы мекеменің қызмет көрсету аумағындағы 15 жерде, Мұқыр, Жантерек, Жамансор, Бек-бике, Толтыр, Құлсары, Томанды, Аққыстау, Нарын, Исатай, Афанасьево, Д.Нұрпейісова, Ескене, Қарабатан, Доссор станцияларындағы бақылау нысандарында орнатылған.
Біздің мекемеде жұмысшылардан ең бірінші кезекте жауапкершілік талап етіледі. Мәселен, егер, бағдаршам жанбай тұрса, ол орнында қала береді. Ал, вагон бір орнында тұрмайды, үнемі қозғалыста болады. Әрі вагондармен жарылғыш заттар секілді қауіпті жүктер тасымалданады. Осы орайда, біздің жұмыста ешқандай кемшілік болмауы тиіс. Сол үшін де мекемеде жұмысшылардың уақытылы тынығуы мен денсаулығына аса мән беріледі. Дер кезінде апатты жағдайға әкелуі мүмкін ақауды тапқан жұмысшыны ынталандыру үшін Компания тарапынан сыйақы да тағайындалған, – дейді орынбасар.
Атырау вагон пайдалану депосының техникалық оқыту кабинетінде жұмысшыларға аптасына екі рет сабақ өткізіледі. Кабинет толықтай арнайы заманауи жабдықтармен, оқыту құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмысшыларға әдістемелік сабақтарды практикалық тұрғыда көрсетуге арналған мониторлар орнатылып, карталар ілініпті. Ал, оқыту кезінде еңбек адамдары жаз және қыс мезгілінде орын алуы мүмкін ақаулар, сондай- ақ, еңбек адамының жеке басының қауіпсіздігі секілді ережелерімен таныс болады.
Филиал орынбасарының сөзінше, одан бөлек мекемеде өздеріне берілген нұсқаулыққа сәйкес, вагондардың тежегіш құрылғыларын жөндеп, оларды тексеруді сапалы түрде жүргізу, техникалық оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастыру, көтеру механизмдері мен тарту құрылғыларының күтімділігіне аса көңіл бөлініп, «Еңбек қауіпсіздігі» күндерін сапалы жүргізу бағытында, осы және т.б шаралар жүйелі түрде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта көліктегі логистика қарқынды дамып келеді. Яғни, өңіріміздің, темір жолдың өркендеуіне байланысты, бізге келетін жүктер қатары да артуда. Осы жерде теңіз, әуе тасымалдары арасында бақталастық пайда болатындықтан, біз сұранысқа сай сапалы қызмет етуге тиіспіз. Сондықтан да, егер вагон кешігуі орын алса, оның не себептен кешіккендігіне үнемі талдау жасалып отырады. Кезінде су жаңа күйінде сатып алынған вагондар да уақыт өте келе жөндеу түрлерін қажет етуін заңдылық деп білемін. Осы орайда, ескірген вагондардағы ақауды дер кезінде анықтау, сырқаттың алдын алғанмен тең,– дейді Мұстахим Оразғұлов.
Вагон пайдалану депосының қызметкерлері арасыеда өздеріне жүктелген міндеттерді, жүк вагондарын жіберіп қарау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сондай-ақ, өндірістік-қаржылық көрсеткіштерді жоғары деңгейде орындауға атсалысып жүрген белсенді азаматтар бар. Солардың қатарындағы Атырау вагон пайдалану депосы бойынша техникалық қауіпсіздік және еңбек қорғау жетекші инженері Айсәуле Әбдіғалиева «Адал еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталса, Өндірістік техникалық бөлімінің бастығы Жаншат Ұғибаева «Үздік маман» белгісінің иегері болды.
Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті