Қарауылкелдіде құрылыс басталмақ

Жаңалықтар
08.11.2016, 11:46
Оқуға 3 мин

Қарауылкелді – Ақтөбе облысындағы шалғай ауылдардың бірі. Байғанин ауданының орталығы саналады. Қаладан Қарауылкелдіге автокөлікпен қатынау сәл қиынға соғады. Жолдың жағдайы мәз емес. Мәселе алдағы жылы шешімін табуы мүмкін деседі. Ресми билік келесі жылы Атырау мен Ақтөбе арасында автожол салынады деп жоспарлап отыр. Бұл жол, әрине, Қарауылкелді станциясының үстінен де өтуі керек. Сәйкесінше, темір жол үшін жүк тасымалы көлемі артады деген сөз. Ауыл халқы облыс орталығына көбіне пойызбен қатынайды. Бүгінде Байғанин ауданының үстінен Маңғыстау, Атырау облыстарына қатынайтын пойыздар өтеді. Бір шеті Астана мен Ақтөбеге де темір жол көлігі барады. Таяу уақыттан бері «Алматы – Маңғыстау» бағытындағы жолаушылар пойызы Шалқар – Бейнеу жаңа тармағы арқылы жүретін болып, Қарауылкелдіге соқпайтын болды. Дегенмен, станция басында жұмыс көлемі азая қойған жоқ. Алдағы жылы қолға алынатын құрылыс жұмыстарын ескерсек, жүк тасымалы артатын секілді. – Бұрын Маңғыстаудан Алматыны бетке алған пойыз біздің үстімізден өтіп, Қандыағашты айналып келетін. Бүгінде ол пойыздар бізге жетпей, Бейнеу тұсынан Шалқарға бұрылып кетеді де, әрі қарай Алматыға тартады. Тұрғындар тарапынан сәл келіспеушіліктер болды. Пойыздың көптігіне үйреніп қалса керек. Дегенмен, жаңа жоба сол үшін қолға алынды емес пе? Жолды қысқарту керек болды, Маңғыстау мен Алматының арасын жақындату болды, – дейді Қарауылкелді станциясының бастығы Жанболат Алпысбаев. Есесіне, алдағы жылы ауданда ауқымды жол құрылысы басталмақ. Сондықтан құрылыс материалдары жүк пойызымен тасымалданады деген үміт бар. Сәйкесінше, жұмыс көлемі де артып, тиеу-түсіру жұмыстары көбеюі мүмкін. Жалпы, Қарауылкелді станциясы бесінші сыныпты станциялар қатарына жатады. Дегенмен, жұмыс ауқымы, адам күші кейде жетіңкіремей қалатын кездер болады. Аға теміржолшылармен сөйлескенімімізде, «станциямыздың сыныбын төртінші сыныпқа ауыстырып, қосымша орын ашса, жақсы болар еді» деген тілектерін де айтып қалды. Станция басында көбіне құрылыс материалдары, оның ішінде текшетас, құм, топырақ-саз қоспалары, ал жеке адамдарға үй құрылысына қажетті Маңғыстаудың ақ бақалшақтасы түсіріледі екен. Станция басшысының айтуынша, әдетте жылына 800 вагонға жуық қиыршық тас түсірілсе, биыл вагон саны 1500-ге жеткізіліпті. Сонымен бірге, бұл өңірден мұнай тиеледі. – Алдағы үш жылдың ішінде жұмыс көлемі, түсірілетін жүк болады деген сенімдеміз. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тас жол құрылысы басталғалы отыр. Қарауылкелді станциясынан бір шеті Атырауға, бір шеті Ақтөбеге қарай жол дұрысталатын болады, – дейді ол. Жалпы, станция арқылы күніне орта есеппен 12 жұп пойыз, сонымен бірге 8 жұп жолаушылар пойызы өтеді екен. Биыл он шақырым қоршау тұрғызылыпты. Бүгінде Қарауылкелді станциясында монтер, жолшы, вагон қараушы, тағы басқаларын қоса алғанда, барлығы 50-ден астам теміржолшы бар. Станцияда тауар кассирі, пойыз құрастырушы, станция кезекшілері, барлығы 9 адам жұмыс істейді. Бес қабылдап алып, тиеу жолы бар.

Асқар АҚТІЛЕУ, Қарауылкелді

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті