«Тәуелсіз Қазақстан» –  Абай елінде

Жаңалықтар
08.11.2016, 12:51
Апта жексенбісінде Семей темір жол вокзалына арнайы мамандандырылған мерекелік «Тәуелсiз Қазақстан» жолаушылар пойызы келіп тоқтады. Бұған дейін ол Шығыс өңірінің Ақтоғай, Защита, Шар станцияларына аялдады. Бекет перронында 7 министрлік және 3 қазақстандық Ұлттық компания өкілдерінен құралған, 270 жолаушысы бар пойыз делегациясын семейліктер  салтанатты түрде қарсы алды. Пойыз штабының басшысы, Астанадағы Еуразия университетінің профессоры, танымал тарихшы Әміржан Әлпейісов жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеп, семейліктер ілтипатына зор алғысын білдірді.   Осыдан соң қала тұрғындары арнайы пойызбен жеткен, білім беру, медицина, әлеуметтік қамсыздандыру, заң мәселелері бойынша білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш пойызбен әсіресе дәрігерлер қауымы көп келіпті. 70-тен аса медицина саласының қызметкерлері Семейдегі №1 емханада тұрғындарды қабылдап, консультациялық қызметтер көрсетті. Мұнда тәуліктің екінші жартысында да қабылдауға келгендердің ұзын-сонар кезегі толастамады. Бұл пойыздың тағы бір басты мақсаты, ел егемендігіне орай ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу екен. Атап айтсақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» тақырыбында қаладағы жоғары оқу орындарында дәріс-тұсаукесерлер болып өтті. Сонымен қатар, Шәкәрім атындағы университетте қазіргі заманғы білім беру мәселелері және техникалық, кәсіби бағыт туралы танымдық жиын өтсе, қаладағы Достық үйінде «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, қала ақсақалдарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызымен келген меймандар шаһардағы Абай мұражайында болып, кешкілік қалалық мәдениет үйінде мерекелік концертті тамашалады. Ал осыдан соң аталмыш пойыз бөлімшеге қарасты Дегелең станциясына аттанып кетті. Мұнда арнайы пойыз мүшелері бір кездері Семей ядролық сынағының орталығы болған Курчатов қаласы тұрғындарымен жүздесіп,  қажетті көмек көрсетіп, жұртшылық алғысына бөленді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды