Жыл соңы жаңалыққа толы болмақ

Жаңалықтар
08.11.2016, 13:13
Оқуға 2 мин
 «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы осы жылдың соңына дейін қатарынан бірнеше жаңа жобаларды аяқтап, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бірқатар жобаларды іске қоспақ.             Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Бүгінгі таңда Боржақты – Ерсай темір жол желісі, «Құрғақ порт», «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағын инфрақұрылымдау және Ақтау портын солтүстік бағытта кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар Құрық портының алғашқы іске қосу кешені мен Алматы – Шу темір жол телімін пайдалануға беру жоспарлануда. Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы мен елордадағы жаңа вокзал кешенінің құрылысы да бітуге жақын. Мұның барлығы оң экономикалық тиімділік беріп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға мүмкіндік туғызады. Мысалы биыл Азия-Еуропа бағытындағы жүрдек контейнерлік тасымал көлемі 2011 жылға қарағанда 100 есеге артпақ. 2020 жылдарға таман контейнерлік тасымал көлемі үш негізгі бағыт бойынша: Қытай – Еуропа, Қытай – Кавказ – Түркия, Қазақстан – Түркіменстан – Иранға 1,7 млн ДФЭ-ге дейін жеткізілмек.             Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ мультимодальды көліктік-логистикалық қызметтерді дамыту бойынша, соның ішінде бірыңғай логистикалық сервиске жаңа құзырет пен қызметтерді біріктіру, нарықтың жаңа сегменттеріне шығу, жаңа көліктік өнімдерді шығару жөнінен жұмыстар жүргізілуде. Жалпы алғанда, көліктік-логистикалық секторды дамыту ел экономикасының драйверіне айналмақ. Бұл 2020 жылға қарай Қазақстандағы  ішкі жалпы өнімнің 1 пайыздық өсімін қамтамасыз етпек. 

Ұлан ОРАЗ

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті