Алтынкөл: контейнерлік жүк ағымы артып келеді

Жаңалықтар
11.11.2016, 11:15

Алматы облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» ХШЫО нысандарын аралап, құрылыс жұмыстарының қарқыны жайлы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жетекшісі Қанат Алпысбаевтың есебін тыңдады. Компания жетекшісінің мәліметінше, бүгінгі таңда жоспарланған 91 инфрақұрылымдық нысанның 74-і аяқталған, тағы 4 нысан бітуге жақын. Қазақстан – Қытай арасындағы екінші шекаралық теміржол өткелі болып табылатын Алтынкөл – Қорғас арқылы контейнерлік жүк ағымы оң динамикалық өсімге ие болуда. Және бұл жүк ағымының беталысы алдағы уақытта одан әрі күшейе түседі деп күтіліп отыр. Ол үшін ұлғайып келе жатқан жүк ағымының өтуін жеделдетуге барынша қолайлы жағдай жасалуы қажет. Алтынкөл станциясында ұлттық компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиын барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев осындай міндеттер қойды. Көрші Қытай елінде шығыс-батыс бағдары бойынша 5 мың контейнерлік пойыз бағыттау туралы бағдарлама бекітілгенін еске салып, Қазақстан сол транзиттің көп бөлігін өз аумағынан өткізу үшін бәсекелестік бойынша артықшылықтарын көрсетуі керек. Ал бұл жағынан негізгі рөл Алтынкөл станциясына тиесілі, деді компания жетекшісі. – Келесі жылға жоспарларымыз көп. Алтынкөл – Қорғас өткелі бойынша 1600 контейнерлік пойыз жіберу міндеті тұр. Біз осындай ғаламат жүк ағымын өткізуге дайын болуымыз қажет. Яғни, бұл қызметте сапа, қауіпсіздік, жүктердің сақталуы, бағдар бойынша бәсеке тарифтер жөнінен де жоғары нәтиже көрсете алуға тиіспіз, – деп атап өтті Қ. Алпысбаев. Компанияның Алтынкөл станциясы филиалының директоры Нұрым Жаниязов бұдан бұрын Достық станциясын басқарған, шекаралық өткелде жұмыс тәжірибесі бар басшы. Өз кезегінде станция басшысы 2012 жылдың 22 желтоқсанында ашылғалы бері Алтынкөл шекара станциясынан өткізілген экспорттық-импорттық жүктердің айналымы шамамен 5 миллион тонна болғандығына тоқталды. Айта кетейік, Ұлттық компанияға қарасты Достық және Алтынкөл екі халықаралық түйісу нүктесі арқылы биыл 10 айдың ішінде 812 контейнерлік пойыз жүріп өткен болса, соның 683-і Достық арқылы, 129-ы Алтынкөл арқылы өткізілген. Бұл нүкте арқылы өтетін пойыздардың негізгі бағыттары Еуропа, Орта Азия, Кавказ, Түркия елдері, сондай-ақ жүк көлемін арттыру бойынша жасалған жұмыстардың нәтижесінде 2016 жылы Парсы шығанағы мен Ауғанстанға бағыт алған контейнерлік пойыздар да болған. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Қайрат Сәуірбаевтың айтуынша, биыл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қытайға экспортталатын жүктер көлемі артқаны байқалады: вагондар бойынша – 128 пайыз, тоннаж бойынша – 138 пайыз, транзиттің өсуі – 155 пайызды құраған. Отырыс барысында сонымен бірге Қорғас өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізу, темір жол, автомобиль инфрақұрылымын және «Қорғас» ХШЫО нысандарын сел тасқыны қаупінен қорғау туралы мәселелер көтерілді. Осы жылдың 20 қарашасына дейін Қытай тарапынан өзеннің сол жақ жағалауын бойлай қоршау қабырға салу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда. Қанат Қалиұлы Қорғас өзені арнасына қатысты болжап болмайтын жағдайлар орын алу қаупін ескере отырып, аталған жұмыстарды дер кезінде аяқтау қажеттілігін атап өтті. Компания басшысы, сонымен қоса теміржолшылар мен аралас құрылым қызметкерлерінің тұрғын үй және әлеуметтік мәселелерін шешуге назар аудартты. Ол Алтынкөл станциясы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА жұмысшыларына арналған тұрғын үй нысандары құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда елді мекенде 2100-ден астам адам өмір сүруде. Ағымдағы жылдың қараша айында құрылысшылар 192 бөлмелік шағын отбасыларға арналған екі жатақхананы пайдалануға беруге уәде етті. Қазірде пәтерлерді жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Демек, ол пәтерлерде таяу уақытта қоныс тойларын тойлайтын күндер де алыс емес деп болжам жасауға болады.

Ирина БЕКТИЯРОВА, Қорғас

Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?