Уақыт ағымына қарай ізденіс қажет
Теміржолда қашан да үздіксіз ізденіс пен білім жетілдіруді бірден бір қажет ететін сала – белгі беру және байланыс қызметі. Мазмұнды техникалық сабақтар мен сапалы біліктілік арттыру шараларынсыз бұл қызмет бойынша мекемелер жұмысы алға басуы мүмкін емес. Осы бағытта Астана ШЧ-16 мекемесі жоспарлы жұмыстарымен алда келеді.
Астана белгі беру және байланыс дистанциясының оқыту шебері Омар Аленовтің айтуынша, жыл басынан бергі 10 ай ішінде мекемеде өткізілген 372 сағаттық техникалық сабақтарда 305 байланысшы оқытылған. Олардың 34-і басқарушы персонал болса, 16-сы инженерлік-техникалық қызметкерлер, ал 255-і арнайы мамандар, жұмысшылар. Әрбір сабақтың мақсаты – қауіпсіздік шараларын нығайтуға арналып, сала мамандары түрлі ережелер, нұсқаулықтар, жеделхаттар, оқыту құралдары, интернет материалдары, тағы да басқа жолдармен білімдерін жетілдіріп отырады.
Оқыту жоспары әр айда әр түрлі құрылады. Мәселен, қазан айындағы жоспарларымызбен бөлісер болсақ, 3 сағатымызды қар мен боран, тайғақ кезіндегі жұмысшыларымыздың жеке қауіпсіздігі және пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбына арнадық. Ал дистанцияның алғашқы жарты жылдықтағы өндірістік-қаржылық қызметінің талдауы, БЗСГ-02М блогы – тексеру технологиясы, СГ-76У блогы, ИВГ релесінің міндеті мен жұмыс істеу принциптері тақырыптары бес сағатқа бөлініп оқытылды. Сонымен қатар ЭЦ-9 жүйесі бағдарларын жою, реле бағыттарының сұлбасы, 04.11.2014 жылғы №1446-ЦЗ бойынша СЦБ құрылғыларына техникалық құжаттамалар мазмұны жағынан нұсқаулықтар, 27.09.05 жылғы ЦШ/289-05 бойынша СЦБ құрылғыларын дәнекерлеуге қатысты ережелер тақырыбы да 5 сағатқа бөлінген. Осылай жүйелі түрде оқыту барысында салаға қажетті тақырыптарды қамтып отырамыз, – дейді Омар Аленов.
Өткен айдың ішінде өткізілген өзге де техникалық сабақтарға, сондай-ақ КТСМ құрылғыларының жұмыс істеуін талдау, TETRA стандарты бойынша қозғалмалы радио байланыс желісінің радио интерфейсінің сипаттамасы, байланыс және СЦБ шаруашылығын қысқы жағдайда жұмыс істеуге дайындау нұсқаулығы, тасымал үдерісі қауіпсіздігін корпоративті басқару жүйесі бойынша жетекшілік ету, технологиялық қызмет көрсету жөнінде тәжірибелік дағдыларды жасау, бейнероликтер мен слайдтар көрсету, СОБ құрылғылары мен байланыс желісі жұмысын қалпына келтіру мен ұйымдастыру жұмыстарының ерекшеліктері, қызмет көрсету технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды жасау, қысқы жағдайда жұмыс істеудегі өндірістік ережелер, жұмыстарды орындаудағы техникалық қауіпсіздік, «Техникалық реттеу туралы», «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңдар мен ережелер, мегомметр және Ц түріндегі тағы да басқа ауа температурасы төмен кезде өлшеу құралдарын пайдалану тақырыптары арқау болды.
Байланысшылардың білуге тиіс тақырыптары сан алуан. Атап айтқанда, олар – вагон баяулатқыш құрылғыларына қызмет көрсетудегі техникалық қауіпсіздік, оқу-жаттығу полигонында электрлі рельстік тізбектерді күтіп ұстау, олардың жарамсыздықтарын жою жолдары, өндірісте және тұрмыста электр энергиясы мен газды қолданудағы қауіпсіздік шаралары, апатты жағдайда персоналдың әрекеті, ТПЕ және ТҚЕ білу, құрамында сынабы бар шамдарды пайдалану және сақтаудағы талаптар, қызметкерлерге дауылдың болатындығын ескерту ережелері, тұрмыстық электр құралдарын пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары, өндірістік жарақат алған жағдайда жұмыс берушіге оны жеткізу тәртібі, станция, бекеттер аралығындағы КТСМ-02, КТСМ-01Д бағаналарының қоршаулары, АЛСН үздіксіз түрдегі автоматты локомотивтік белгі беру және машинист қырағылығын бақылау құрылғыларын қолдану тәртібі туралы нұсқаулықтарды оқып, үйрену. Құрылғылардың уақыт өткен сайын өзгеріп, жаңарып отыруы – сала қызметкерлерінің ұдайы білімін жетілдіріп, үнемі ізденісте болуын талап етуде. Дегенмен, қауіпсіздікті сақтау бойынша оқып, үйрену – әрбір теміржолшы үшін қашан да басты бағдарда тұратын мызғымас міндет болып табылады.
Райхан РАХМЕТОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті