Қараша, жетоқсанмен сол бір-екі ай...
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай, қыстың басы бірі ерте, біреуі жай...», дейтін күздің соңғы айымен еліміздің көптеген өңірлеріне қыс келді. Казгидрометттің хабарлауынша, өткен демалыс күндері еліміздің солтүстік және шығыс аймақтарында тоқтаусыз жауған қар соңы бұрқасындатқан ақ түтек боранға ұласты. Ақмола мен Көкшетау, Қарағанды өңірлерінде теміржолшылар жылдағы әдеттерінше жаппай жолды қардан тазартып, пойыздардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге кірісті.
Бірақ, табиғаттың қандай да болсын «тосынсыйына» жоғары дайындықпен жауап беретін теміржолшылар бұл жолы да әдеттен жаңылған жоқ. Жол және құрылыстар департаменті алға тартқан мәліметке сүйенсек, қарашаның 11-13 аралығында магистральдық желі бойына СДПМ машинасы 19 рет, Струг 6 мәрте, СП 1 рет жолға шығып, 1578,8 км темір жолды қардан аршыған. Нәтижесінде СМ-2 техникасымен 6750 м3 қар шығарылса, жолдар мен бағыттағыш бұрмаларды қардан тазарту үшін күндізгі уақытта 1354 адам, түнгі уақытта 1243 жолшы жұмылдырылған.
Жалпы қыс маусымына дайындық қазіргі таңда Магистральдық желі дирекциясының күн тәртібінен түспейтін мәселе болып отыр. Компания бас инженерінің бұйрығына сәйкес өткен қазан айында барлық филиалда магистральдық темір жол нысандарының жағдайына қатысты күзгі комиссиялық байқау аяқталып, дирекция шаруашылықтарының қыс маусымына дайындығы тексерілген еді. Ал 7-ші қараша күні құрамына Магистральдық желі дирекциясының басшылықтары кірген комиссия филиалдардың қыста жұмыс істеуге әзірлігін тексеру мақсатында ел өңірлерін аралады. Осы тексеріс барысында қар жинайтын және қар тазалайтын техникалардың, қазандық пен жылу жүйелерінің дайындығына, байланыс желілері мен әуе сымдарының ретке келтірілуіне, сондай-ақ, вокзалдар жағдайына, рельс тізбектерінің ахуалы мен күтіміне ерекше назар аударылып, магистральдық желі бөлімшелерінде қар жинау техникаларының тұрақтайтын орындары анықталды.
Осы арада, техникалардың бөлінуі бұрынғы жылдардағы қар көп жиналатын телімдерді есепке ала отырып, жүзеге асырылғанын айтады мамандар.
Еліміздің барлық магистральдық желілері бойынша қар көп жиналатын телімдердің ұзындығы 2100-ден астам километрді құрап отыр. Қар жинағыш техникалардың жалпы саны 287 бірлік болса, соның 58 бірлігін Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі аумағында, 50 бірлігі Семей өңірінде, қалған техникалар Қостанай, Қарағанды, Ақмола бөлімшелерінің аумақтарында орналастырылатын болады, деп мәлімдеген болатын кешегі дүйсенбілік аппарат мәжілісінде дирекция директоры Жарас Ізғұлов.
Оның айтуынша, Арқалық – Шұбаркөл темір жол желісіне 7 бірлік қар жинайтын техника бөлінген, соның 6 бірлігі СДПМ, біреуі СМ екен. Осы жылдың соңына дейін Ірілендірілген Арқалық жол дистанциясына тағы бір СДПМ машинасын сатып алу көзделіп отырған көрінеді.
Магистральдық желі бөлімшелері бойына 179387 дана қардан қорғау қалқандары орнатылған, соның 50 мың данасы биыл сатып алынған су жаңа екен. Арқалық – Шұбаркөл телімін қардан қорғау үшін 7 мың дана қалқан орнатылыпты.
Біз бұл қалқандардан бөлек Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Аягөз, Қостанай және Қандыағаш станцияларында жалпы саны 2400 дананы құрайтын қардан қорғану қалқанының резервті қорын жасадық. Жалпы қардан сақтайтын дуалдар орнатылған магистральды желінің жалпы ұзындығы 746 км құрайды. Биыл 157 км жол бойындағы қар қалқанға жөндеу жұмыстарын жүргіздік, деген дирекция басшысының мәліметіне сүйенсек, Магистральдық желі дирекциясы қармен күрес жұмыстарын жүргізуге тастүйін дайын.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті