Жарты миллион қаражат жинады
Өткен аптаның жұмасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас әкімшілік ғимаратында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Жастар ісі жөніндегі кеңестің ұйытқы болуымен қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Акцияға Жүк тасымалы қызметкерлері ғана емес, Ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарының барлық қызметкерлері бір кісідей қатысып, үлкен ұйымшылдықпен атсалысқанын айта кеткен жөн.
Бұл қайырымдылық шара «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаментінің 3-ші дәрежелі менеджері, марқұм Динара Әлішеваның отбасына көмек ретінде ұйымдастырылып отыр. Динара Есенбайқызы 2016 жылдың 21 қазанында Астана – Қарағанды трассасында жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан болатын. Оның артынан бес жасар Алина мен үш жасар Данель есімді екі қызы қалып отыр. Екеуі де ауыр жарақатпен ауруханада жатыр, бүлдіршіндерге ұзақ уақыт ем-дом қажет екенін айтады дәрігерлер.
Бұл қайғылы жағдай бәрімізге ортақ. Қашанда корпоративтік рухы бір теміржолшы қауымы әріптесіміз Әлішева Динараның қаза болғанына қатты қайғыра отырып, оның соңында қалған, сол аппатты оқиғада аналарының жанында болған қос бүлдіршінге мүмкіндігінше қолдан келген көмектерін жасау үшін атсалысуда. Бүгінгі жәрмеңкеде компания қызметкерлері, олардың арасында жастар да, егде жастағылар да бар, қыздар мен жігіттер бар, өз қолдарымен пісірген алуан түрлі тағамдар, қолдан тоқыған немесе жасаған бұйымдары мен магниттік кәдесыйлар, т.т. қойылды. Сатып алушылар да өз әріптестеріміз. Бұдан бөлек «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілік ғимараты мен «Emerald Tower» бизнес-орталығының қабаттарына қайырымдылық жәшіктерін орнаттық. Ізгі іске әріптестеріміз белсенді қатысып, акция нәтижесінде 550 000 теңге қаржы жиналды. Біз оны Динара Әлішеваның отбасына көмек ретінде табыстаймыз, – деген Жастар ісі жөніндегі кеңестің жетекшісі Гүлім Бейісбекова марқұм болған әріптестерінң қос құлыншағы тезірек сауығып кетуіне теміржолшылар түгел тілектес екенін жеткізді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті