ЖАҢА ЖҮЙЕ – тиімділік  кепілі

Жаңалықтар
15.11.2016, 13:04
Оқуға 3 мин
  Қазіргі таңда Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының барлық учаскелеріне заманауи үлгідегі ЭКЕАЖ (электроэнергияны коммерциялық есепке алудың автоматтық жүйесі) орнатылған. Жаңа жүйенің  артықшылығы  мен тиімді тұстары жайлы мекеме басшысы Сұлтанбек Қунаев айтып берді.   ─ Жаңа жүйенің арқасында көрсеткіштер тез, белгіленген уақыт аралығында беріліп, автоматты түрде өңделеді. Оны енгізу бірқатар басымдықтарды көздейді. Мәселен, ақпаратты жинау, беру және өңдеу бойынша еңбек шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік туады, электр энергиясын тұтынуды жедел басқаруды қамтамасыз етеді, ол оның шығынын азайтуға мүмкіндік береді және электр энергиясын тиімсіз қолдануға жол бермейді. Бұдан басқа, жаңа жүйенің арқасында әрбір абоненттің энергия тұтынуын шынайы және жедел есепке алу қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, борышқорды дистанциялық ағыту қолданылады. Адам факторының әсерін мүлде болдырмайды, жүйе пайдаланылған электр қуаты жөніндегі әрбір электр есептегіштегі мәліметті автоматты түрде қашықтықтан алуға мүмкіндік береді. Электр қуатын тұтыну ақысын төлемейтін тұтынушыларды электр қуатынан ішінара шектейді немесе толықтай ажыратады. Желі бойындағы параметрлерді үнемі бақылауда ұстайды. Сонымен қатар, жаңа жүйенің көмегімен электр есептегіштің техникалық жағдайына сараптама жасауға жол ашылады. Жүйенің көмегімен еш қиындықсыз арақашықтыққа қарамай өзімізге керек деректерді, мәліметтерді жылдам алып отырмыз. Мамандарымыз «KEGOC», «МРЭК» сияқты мекемелер мамандарымен тәжірибе алмасу арқылы жұмыс істеуде. Қысқасы, аталмыш жүйенің пайдасы мен тиімді тұстары ұшан-теңіз, – дейді мекеме бастығы. Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының Бейнеу – Шалқар телімі бойынша жалпы ұзындығы 287,8 шақырымды құрайды. Осы аралықты толық электрмен жабдықтау үшін жоба бойынша екі 110/10 кВ «Тұрыш», «Құрсай» қосалқы станциялары салыныпты. Станциялар қуаты 4000 кВА – ден тұратын екі күштік трансформаторлармен жабдықталған. Осы қосалқы станциялары арқылы  5 қуат беру пункттері электрмен қамтамасыз етіліп,  сол пункттер арқылы 10 кВ АБ, ПЭ әуе желілеріне электр энергиясы беріліп отыр. Барлық қосалқы станцияларда, қуат алу пункттерінде заманауи электрлі құрылғылар қолданылады. Жабық таратушы қондырғыларда вакумдық ажыратқыштар орнатылған  және олар жергілікті, арақашықтықты телебасқарылыммен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Бейнеу – Шалқар темір жол торабы пойыздарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін Маңғышлақ станциясында жаңа диспетчерлік орта ашылып, оған  диспетчерлердің жұмысын жеделдету үшін «SCADA» атты қашықтықтан басқарылатын жүйе қойылған. Басты мақсат – авариялық жағдайлар мен ауытқулар есебін төмендету, электр энергиясының сапасын бақылау болмақ.   Дистанцияның қызмет көрсету аумағы Опорный станциясынан Түркіменстан шекарасына дейін, Бейнеу станциясынан Оазис станциясына дейін 926,8 шақырымды құрайды.  Қазіргі уақытта дистанция  287,8 шақырымдық Бейнеу – Тассай учаскесін де қабылдап жатыр екен. Сол себепті, штат та ұлғайып, бұрын 180 адам болса, қазір 277 адамға жеткен.

 Әсел ТАҢАТАРОВА,  Маңғыстау

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті