Ляньюньган форумы: құрлық пен теңіз түйіскенде
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация сәрсенбі күні Қытайдың Ляньюньган қаласында «Жаңа Еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліз көпірін құру» атты халықаралық форумға қатысты. Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуда аспан асты елімен ортақ жобалардың, атап айтқанда Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының маңызы зор екені белгілі.
Форум барысында сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі портты қала Ляньюньганды «Жаңа Еуразиялық құрлық көпірінің шығыс қақпасы, Жібек жолының құрлық пен теңіздегі түйісетін тұсы» деп атап, ондағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының көліктік-логистиканы дамытып, Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудағы рөлін жоғары бағалады.
Қ. Алпысбаевтың айтуынша, Ляньюньган портының қолайлы географиялық орналасуы, Қытайдың қалалары мен порттарымен темір жол және теңіз коммуникациялық сабақтастығы Қазақстанмен ықпалдасуына және өңірдегі елдердің халықаралық логистикалық тізбекке қосылуына ықпал етеді.
Жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекетаралық «Бір белдеу – бір жол» және «Нұрлы жол» экономикалық Жібек жолы стратегиялық серіктестік белдеуін жүзеге асыруға ынталандыру нәтижесінде Қытай – Еуропа бағдарында 2020 жылдары контейнер санын екі миллионға жеткізуге мүмкіндік бермек.
Қанат Қалиұлы, сондай-ақ көліктік-логистикалық даму туралы және Қазақстанның транзиттік әлеуеті мәселесіне тоқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Қазақстан ел ішінде және шетелдегі маңызды орындарда логистикалық желілік орталықтарын құрып, Еуропалық құрлыққа бағытталған жүктерді шоғырландыру мен дистрибуциялық өңдеуді жүзеге асыратын терминалдық желіні жасақтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыра бастағанын сөз етті.
Қазіргі таңда, мысалы Қазақстан аумағы арқылы құрлықтық сауда контейнерлік пойыздар ҚТЖ серіктестерімен бірге ҚХР-дың Чунцин, Чженчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хэфей, Ланьчжоу провинцияларымен қатар ғаламдық HP, DHL, Foxconn компаниялары арқылы тиімді жасақталуда.
«Біздің мақсатымыз еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құру. Ол арқылы Азиядан шыққан жүк Еуропаға үш бағдармен: Қытай – Еуропа – Қытай, Қытай – Кавказ – Түркия, Қазақстан – Түркменстан – Иран бағдарымен жеткізіледі», – деді Қ. Алпысбаев.
«Қазақстан – Еуропа мен Қытайды жалғайтын Жібек жолы бойындағы бірден-бір экономикалық белдеу болып табылады», – дей келіп, компания басшысы Қазақстанның Жаңа Еуразиялық құрлықтық көпірді құруға мол үлес қосып отырғандығына тоқталды.
Форум аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сиелонмен де кездесу өткізіп, онда екі жақты қарым-қатынас мәселелері мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ (АЭА) секілді бірлескен жобаларды дамыту жайы талқыланған. Өткен жылы Мемлекет басшысының Қытай еліне сапары барысында қытай тарапының АЭА-ты дамытуға серіктес ретінде 600 миллион доллар инвестиция бөлу туралы Келісімге қол қойған болатын.
ҚТЖ жетекшісінің мәлімдеуінше, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында тұрақты инвесторлар мен әлеуетті қатысушыларға барлық жағдайлар жасалған.
Кездесу барысында Ляньюньган – «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты бағдарында жүк тасымалын арттыру мәселесі мен Ляньюньган портында ШЫҰ логистикалық аймағын құру жайы қаралды.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ляньюньган портын бірлесіп пайдалануды жүзеге асыру жайы Ляньюньган қалалық компартия хатшысы Ян Синшимен болған кездесуде де талқыланды. Тараптар клиенттерге барынша қолайлы жағдайлар жасап, бәсекелестікті арттыра отырып, ықпалдастықты дамытуға бейілді екендіктерін жеткізді.
Гүлнара ЕЛЖАСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті