Аягөз – локомотившілер ұстаханасы

Жаңалықтар
18.11.2016, 12:19
Оқуға 2 мин
Аягөз локомотив пайдалану депосында өткен  салтанатты жиын өтті. Онда арнайы жұмыс сапарымен келген президенттің оңтүстік өңір бойынша өкілі Талғат Әбенов заманында локомотившілер ұстаханасы атанған аягөздік қос машинисті «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісімен марапаттады. Аталмыш басқосу беташарын депо директоры Айдын Бланов алғысөзбен ашып, машинистер ұжымында бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып,  өз қызметінің үздіктері атанған тепловоз машинистері Данабек Әбдікәрімов пен Саят Кшановтардың жетістігін сөз етіп, ұжым атынан мәртебелі атақтарымен құттықтады.   Сондай-ақ, Семей локомотив  депосында да осындай салтанатты басқосу өтіп,  алқалы жиында депо директоры Дәулет Ыдырысов еңбек жетістіктеріне тоқталып,  «Машинист жылының» қорытындысын жасады. Келесі сөз кезегін алған  Талғат Әбенов машинист мамандығының қыр-сырына тоқталды.  Машинист – әу бастан мәртебелі мамандық. Бұл қызмет иелерінің ұшақты сынақтан өткізуші ұшқыштарға теңелетіні бекер емес. Себебі, жауапкершілік аса жоғары. Соған сай мақтау да лайық. Кейде сөз естіп жататынымыз да жасырын емес. Сондай-ақ, машинистеріміздің ерлік істер жасайтын кездері де аз болмайды. Оған мысал көп. Жалпы, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда соңғы нүктені локомотив машинисі қояды. Бұл ретте локомотив бригадаларын «теміржолдың көзі мен құлағы» деп бекерге атамайды. Ал осынау ауыртпашылығы мол қызмет иелерінің еңбегін бағалау, үлгі ету мақсатында ағымдағы жыл «Машинист жылы» деп аталды. Осы ретте локомотившілер үшін Құрметті теміржолшы атағына пара-пар «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісі тек өз мамандығын шексіз сүйетін, қызметіне адал қызметкерлерге ғана табыс етіледі, – деп атап өткен мейман  қос бірдей семейлік машинисті барша әріптестерінің алдында салтанатты түрде құрметті атақпен марапаттады. Адал еңбегі, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтудағы зор жетістігі және осынау жылдар бойғы локомотив шаруашылығына қосқан елеулі үлесі үшін ТЧЭ-24 мекемесінің машинисі Зейнолла Калинкин мен Марат Макремов «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісі мен куәлігін иеленді. Сонымен қатар, барлық мерейлі марапат иелеріне 15 АЕК көлеміндегі сыйақы берілді.  Зейнолла Қапарұлы темір жолға 1988 жылы келіпті. Содан бері локомотив шаруашылығында табан аудармастан еңбек етіп келеді. Ал Аягөз қаласының тумасы 3-ші класты машинист Марат Тоқтарұлының қызмет етіп жүргеніне 20 жылға жуықтап қалыпты.

 Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті