Питер Штурм жолсеріктермен кездесті

Жаңалықтар
26.11.2020, 21:56
Динара Желдібаева

Өткен аптада «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Питер Штурм Алматы қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік филиалына арнайы атбасын бұрып, жолсеріктермен кездесті. Еркін пікір алмасу үлгісінде өткен жиын барысында Штурм мырза компанияның биылғы жұмысы және алдағы жоспарымен де бөлісті. 

Питер Штурм кездесу барысында клиентке бағдарлану деңгейін арттыру және ұсынылатын сервис сапасын жақсартуды сөз етті. Жолсеріктерден сервисті жақсарту мақсатында ойлары мен идеяларын сұрап, көкейлерінде тұрған сұрақтары мен тілектерін тыңдады. 

Штурм мырза жақын арада жолсеріктер үшін жұмыс шарттары өзгеретінін және пойыз бригадаларының қызметкерлері үшін жалақының 30%-ға дейінгі мөлшерде сыйлықақының жаңа моделі енгізілетінін атап өтті. Мұндай сыйақыға ие болу үшін қызметкерлердің еңбек ету коэффициентіне байланысты болады.

– «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басты назарында ең алдымен қызмет көрсету сапасын арттыру тұр. Бұл дегеніміз – тазалық жұмыстары сапалы болу және жаңа төсекорын жабдықтарымен қамтамасыз ету. Осы бағытты ұстана отырып, біз клиенттеріміздің оң бағасына ие болып отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі таңда біз стандартты вагондарға жаңа санитарлық модульдерді орната бастадық. 

Жұмыс процесі басталғанымен, алдағы уақытта сапа жағынан жағымды әсер қалдыратындығымызға кәміл сенемін, – деді П.Штурм.

Сондай-ақ, жұмыс сапары барысында Бас директор клиенттердің тілектерін орындау туралы ойдың маңыздылығын жеткізу туралы «Оңтүстік» филиалының басшы құрамы үшін көшбасшылық тақырыбында семинар өткізді.

– Біз жолаушыларымызға, Қазақстандағы тасымалдау бойынша ең үздік компания екенімізді, бізбен бірге жүруге ыңғайлы әрі сапалы қызметімізді айқын көрсетіп, көз жеткізуіміз керек, – деп атап өтті өз сөзінде Штурм.

 Бас директор кездесуге қатысып отырған қатысушыларға жылжымалы құрам паркін ұлғайту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы да хабардар етті. Бұл мәселені шешу үшін Қазақстан аумағында вагондар шығаруды ұйымдастыру үшін инвестор іздеуге конкурс өткізіледі. Келесі жылдың ортасында компания 500-ден астам жаңа вагон шығару туралы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

Компания басшысы өңірлік филиалды аралау барысында багажды қабылдау процесімен және оларды тасымалдау шарттарымен танысты.

Багаж бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесуде Питер Штурм бұл бағыттың қай қырын күшейтіп, талдау керектігін және болашақта қандай өзгерістер қажет екеніндігін атап өтті.

– Бүгін біз жүк тасымалының жұмысын қарап шықтық. Ұсыныстар туралы айтуға әлі ерте, біз алдымен жұмысты зерттеп, содан кейін тұжырымдама жасаймыз. Осыған орай, біз нарықтағы сұранысты талдап, клиенттердің не қалайтынын біліп, олардың тілектеріне сәйкес жұмысымызды құруымыз керек. Клиентке бағдарлану бүгінгі күннің талабы болмақ, – деп түйіндеді сөзін «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?