Түрксібтің 90 жылдығына халықаралық конференция өтеді

Жаңалықтар
03.12.2020, 20:58
Меруерт Өмірзақова

Биыл Түркістан - Сібір магистралі құрылысының аяқталуына және тұрақты пайдалануға берілуіне 90 жыл толуына орай жыл бойы жержерде түрлі шаралар өтіп жатыр. 

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні Түрксібтің 90 жылдығына орайластырылған халықаралық онлайн-конференция сол шараларды қорытындыламақ.

Конференция жұмысына «ҚТЖ» ҰК» АҚ өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері, теміржол әкімшіліктерінің, көлік компанияларының, ғылымизерттеу институттарының және Қазақстан, Ресей, Өзбекстан жоғары оқу орындарының өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. 

Түрксіб – отандық теміржол құрылысының алтын қорына кіру құқына ие ұлттық магистраль. Қиынқыстау кезеңде құрылысшылардың қол еңбегімен салынған Түрксіб темір жолы Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуына септігін тигізді. 

Соның арқасында өңірде жаңа станциялар, қалалар мен кенттер пайда болып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынды. 

 Осы тарихи оқиғаның маңызын терең түйсіне отырып теміржолшылар оны ұрпақтар сабақтастығын нығайта отырып, магистральді салушылар мен пайдаланушылардың еңбектегі ерліктерін мәңгі есте қалдыру үшін пайдаланып келеді. 

Осы ретте Луговой станциясын Түрксіб станциясы деп қайта атау туралы шешімді теміржолшылар үлкен қуанышпен қабылдады. 

Оқырмандарымызға тағы бір жағымды жаңалықты қуана жеткіземіз. Осыған дейін де талай ақындардың жыры мен жазушылардың шығармаларына арқау болған Түрксіб жайлы тағы бір туынды дүниеге келді. «Түрксіб толғауы» деп аталатын әннің сөзін жазған ақын Төреғали Тәшенов, сазын белгілі күйші, композитор Шәміл Әбілтай жазды.

«Адамзат өмірінің дамуын жолсыз елестете алмайсыз. Халықты халықпен, бір елді бір елмен жалғастыратын тіршіліктің қайнар көзі болғандықтан, оны халқымыз ежелден «Жол дегеніміз – өмір» деп түйіндеген. Екі мың жылдан асатын тарихы бар Ұлы Жібек Жолы – соның жарқын айғағы.

Адамзат өркениеті сол тарихи көшкеруенді темір жолмен алмастырды. Қазақстандағы теміржолдың нағыз тарихының көш басында биыл іске қосылғанына тура 90 жыл толып отырған атақты «Түркістан-Сібір» магистралі тұр.

Әлемге жалаң қолмен салынған ұлы құрылыс ретінде даңқы танылған Түрксібтің тарих көшіне жаңаша ілескен ел өміріндегі, қыр қазағының тұрмысындағы, әсіресе ұлттық маман қалыптастырудағы маңызы орасан зор болды. Осы орайда «Түрксіб толғауы» атты өнер туындысының дүниеге келуі – тоқсан жылдыққа лайықты тарту деп білемін. Біз ақын мен сазгердің шығармашылық туындысына ақ жол тілей отырып, 90 жылдық торқалы тойға шашу ретінде тартылған бұл туынды көпшіліктің жүрегінен өзіне лайық орын алады деген сенімдеміз», – деді белгілі ардагер-теміржолшы Қалтай Сәмбетов.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн