Қауіпсіздік қызметі  жетілдірілуде

Жаңалықтар
22.11.2016, 17:28
Оқуға 3 мин
 Теміржолшылар он айдың жұмысын қорытындылап, қатал маусымның қатаң сынағынан сүрінбей шығу үшін дайындық жұмыстарын пысықтауда. Десек те, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі сақтауда көрсеткіш көңіл көншітерлік емес. Биыл «ҚТЖ» ҰК» АҚ  кәсіпорындары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін бұзған 284 оқиға болып, ол өткен жылға қарағанда 4 оқиғаға артқан.  Өндірістік қауіпсіздік және экология департаменті алға тартқан деректерге сүйенсек, әсіресе, ақау оқиғаларының басым бөлігі мен өсімі байқалған бөлімшелер қатарында Алматы көш бастап, оның соңынан Ақмола, Қарағанды, Шымкент, Орал, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда ілескен. Ал Атыраудан басқа бөлімшелерде бір-бірден ақау жіберілген. Департамент директоры Ақболат Жағыпаров қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына байланысты тәртіптің күшейтіліп, жауапкершіліктің қатаңдатылғанын айтады. Жұмыста ақау жібергені үшін  тәртіптік жауапкершілікке 47 адам тартылыпты. Соның ішінде, желілік деңгейде 6 адамға сөгіс, аймақтық деңгейдегі 1 адаммен еңбек шарты бұзылып, 7 адамға қатаң, ал 8 адамға жай сөгіс жарияланса, линиялық деңгейде 12 адам жұмыстан босатылып, 11-і қатаң сөгіс, 2 адам жай сөгіс алған. Сондай-ақ, ревизорлық аппарат өткізген селекторлық жиналыс нәтижесінде, 11 салалық ревизор тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Департамент мамандары, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына бірінші кезекте, әдеттегідей, адам факторының ықпал етіп отырғанын, бұдан кейін техникалық құралдардың істен шығуын, сонымен қатар кәсіпорындардың техникалық құралдармен жарақтандырылуы мен автоматтандырылу деңгейінің жеткіліксіз болып отырғанын айтады. Әлбетте, Компания бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің әрмен қарай қамтамасыз етілуі үшін барлық басшыларға нақты міндеттер қойылған. Яғни, еңбеккерлерге сапалы техникалық оқулар ұйымдастыру, кадр таңдау барысында тамыр-таныстықты қойып, біліктілік талаптарын сақтау, жұмысына қарай, лайықты бағасын беріп, жұмыскерлерді ынталандырып отыру,  сонымен қатар, нормативті базаны заңнамалар мен техпроцестер талаптарына сәйкестендіру және де бас инженерлердің нормативті қамтамасыз ету және техникалық оқытуды ұйымдастыру мәселелерінде рөлдерін көтеру тағысын тағылар.  Жергілікті жерлерде техпроцестерді нормативті-техникалық қамтамасыз ету және техникалық оқуларды ұйымдастыру мәселесінде, Компания бойынша нақты түзілген техникалық саясат жоқ. Бүгінде осы жағынан корпоративтік  және төмен тұрған басқару деңгейлері арасында аражіктің бары байқалады,  бас инженерлер институтінің рөлі төмен. Ал бұл өз кезегінде, корпоративтік орталықтан нормативті қамтамасыз ету мен техникалық оқыту  мәселелерін үйлестіруді және техникалық саясатты әзірлеудің қажеттілігін туындатып отыр, –  деген Ақболат Ландышұлы, персоналдың техникалық оқуын ұйымдастыру басқарудың барлық вертикалы бойынша қамтамасыз етілуі тиіс деп есептейді. Басқарудың барлық вертикалы бойынша  біртұтас тәсілдемені қамтамасыз ету үшін және қозғалыс қауіпсіздігін басқару тиімділігін арттыру үшін желілік деңгейдегі қауіпсіздік қызметтері өз міндеттеріне сәйкестендірілді. Аймақтық деңгейде, яғни барлық жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінде бұрын болмаған, қозғалыс қауіпсіздігі бөлімдері ашылып, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мамандар алынды. Қазір штаттық кестеге енгізіліп, еңбек ақы алатын 311 адам жұмыс істеуде. Олардың жұмысын ұйымдастыру үшін   аталмыш департамент тарапынан бір үлгідегі ереже жасалып, желілік деңгейдегі қауіпсіздік жөніндегі мамандарға арналған нұсқаулықтар  бөлімшелерге жіберілген. Осылайша, қозғалыс қауіпсіздігінің қызмет құрылымы Компанияның барлық шаруашылығы бойынша басқарудың бүкіл вертикалын қамтып отыр, бұл өз кезегінде, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде бақылаулар мен үйлестірулерді, біртұтас тәсілдемелерді, шапшаңдықты қамтамасыз етуі тиіс, – деп түйіндейді сөзін департамент жетекшісі.

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті