Пекин сапары: ынтымақтастық дамуы жаңа көкжиекте

Жаңалықтар
29.11.2016, 11:37
 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «CRRC Corporation Limited» корпорациясы Пекинде көліктік машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Қытайға іс сапары шеңберінде «ҚТЖ» ұлттық компаниясының басшысы Қанат Алпысбаев Сяньян қаласының басшылығымен, сонымен қатар қытайлық ірі компаниялар өкілдерімен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА біріккен жобаларын жүзеге асыру жайын талқылады. Кездесуде Қанат Алпысбаев Арнайы экономикалық аймақта  шетелдік инвесторлар үшін барлық керекті жағдай жасалғанын, атап айтқанда, салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын, дайын инфрақұрылым, жобаларды қолдау қызметтері бар екенін жеткізді.  Сондай-ақ, кедесулерде маңызды деген мәселелер, атап айтқанда, Ляньюньган порты арқылы жүк тасымалдаудағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру, соның ішінде жүктердің транзиттік тасымалына ыңғайлы тариф саясатын жүргізу мәселелері талқыға түсті. Биыл ортақ терминал 200 мыңнан астам контейнер ДФЭ, яғни 20 футтық эквивалентте жүк ауыстырып тиеуді, ал 2020 жылға таман 550 мыңға дейінгі ДФЭ контейнер өңдеуді жоспарлап отыр.  Ортақ терминалдың алдағы дамуы бойынша Ляньюньган портының ШЫҰ логистикалық аймағында терминалдық қуаттарды жасау қарастырылуда. Бұл жүктердің біріктірілген күшін 2020 жылға таяу 2,2 млн контейнер ДФЭ-ге арттыруды қамтамасыз етеді. Пекинде «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен қытайлық мемлекеттік темір жол корпорациясы «CRRC Corporation Limited» арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум қаржылық мүмкіндіктермен байланысты қажеттіліктерді біріктіру шеңберінде көліктік машина жасау саласындағы қазақстандық топ  пен Қазақстанда кепілдемелік өткізгіштігі жылына 650 мыңнан астам тонна көлік құю мүмкіндігі бар құрыш құю өндірісін ашу үшін қытайлық инвесторлардың технологиялық құзыреттілігімен байланысты бірлескен ынтымақтастығын қарастырады. Осылайша, Қазақстанның көліктік машина жасау саласына ірі қытай инвесторын тарту бойынша нәтижеге қол жеткізілді. CRRC Corporation Limited (CRRC) корпорациясы көліктік машина жасау бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады. Оның құрамына локомотив, жүк және жолаушылар вагондары, тартқыш электр желі мен локомотивке арналған трансформатор өндіретін 46 ірі зауыт кіреді, сонымен бірге әлемнің 100-ге жуық елінде басқару жүйесі бар.  Екі ел арасындағы индустриалды-инвестициялық ынтымақтастық аясында индустрия, инновация, көлік және логистикаға қатысты 52 бірлескен ауқымды жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Көліктік-логистикалық саладағы өзара әрекеттестіктің тиімділігі Ляньюньган портындағы бірлескен қазақстан-қытай терминалы қызметі мен «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА көліктік-логистикалық хабы және «Қорғас» ХШЫО дамуынан көрінбек.   2015 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдан Еуропа бағытындағы және керісінше де контейнерлік тасымал көлемі 40 есеге артқан. Биыл сол көрсеткіш тағы екі есе артады деп күтілуде. Ал 2020 жылға таман контейнерлік тасымал көлемін 800 мың ДФЭ-ге жеткізу жоспарлануда.         А. Маминнің айтуынша, ірі ауқымды «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеу» бағдарламаларын жүзеге асыру барысындағы бірлескен жұмыстар көлік пен логистика саласында жаңа қызметтер мен өнімдердің пайда болуына, экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік ашпақ. Өз кезегінде ҚХР мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Ч. Гаоли «Екі ел басшыларының болашақта стратегиялық әріптестіктің барлық спектрі бойынша өзара ынтымақтастығын нығайтудағы бастамаларының сәтті жүзеге асып жатқанын» атап айтты. Осы сапар кезінде алдағы уақытта сауда-экономикалық байланыстар мен кәсіпкерлік қызметті дамыту, шарттық-құқықтық базаны жетілдіруді жандандыру үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы аймақаралық ынтымақтастық Форумын өткізу маңыздылығы айтылды. А. Мамин алғашқы сондай Форумды 2017 жылы Қазақстанда өткізуге ұсыныс білдірді. 

Ұлан Ораз, Астана

Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?