Астаналық дарабоздар
Алып локомотивтерді тізгіндеуші мәртебелі мамандық иелерін темір жол тарихында тұңғыш рет шығарылған «Құрметті локомотив машинисі» төс белгісімен марапаттау жалғасуда.
Ауыр да жауапты қызмет иелерінің имиджін көтеру мақсатында жарияланған «Машинист жылы» аясында өз ісінің кәсіби білгірлері – астаналық машинистерге бұл марапат әріптестер алдында салтанатты түрде табысталды. Ерекше құрметке ие болғандар – Астана локомотив пайдалану депосының майталман машинистері – 25 жылдан астам тәжірибелері бар Александр Филатов пен Бауыржан Алибаев. Таңдаған кәсібінде тапжылмай тұрақты еңбек ете отырып, сол ұзақ жылдар ішінде табысты көрсеткіштерге қол жеткізген оларға арнайы төс белгі мен куәліктерін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның жылжымалы құрам бойынша атқарушы директоры Айтын Құрақбаев табыстады. Сонымен қатар олар 15 АЕК көлемінде сыйақыға ие болды. Биылдан бастап шығарылған «Құрметті локомотив машинисі» төсбелгісіне ие болатын жандар – осы саланың ең үздіктері, нағыз дарабоздар болып саналады. Үлкен мерейтой қарсаңында марапатталған машинистерді құттықтай отырып, алдағы жұмыстарыңызға дәл осындай табыстар тілеймін. Бұл төсбелгіні қашан да зор мақтанышпен, кеуделеріңізден тастамай тағыңыздар, – деді А. Құрақбаев құттықтау сөзінде. Сондай-ақ ол еліміздің теміржолындағы локомотившілер өмірінен соңғы жаңалықтармен, болашақ жоспарлармен бөлісті. Құрметті атаққа ие болған Бауыржан да, Александр да – 2-ші класты машинистер. «Тальго» пойызын алғашқылардың бірі болып Астанадан Көкшетауға дейін тізгіндеген А. Филатовтың 37 жылдық еңбек өтілі бар. Ол аталған бағытта жолаушылар пойызын тасымалдаса, Б. Алимбаевтың 25 жылдық тәжірибесі бар, ол Астана станциясы жолдарында маневрлық жұмыстарға араласады. Бұл күні депо директоры Мақсұт Ибраев локомотившілер арасынан елеулі еңбегімен көзге түскен Арыстанбек Асанов, Жанболат Сембаев, Ержан Байқадамов және Сергей Парамоновтарды алғыс хаттармен марапаттады.Райхан Рахметова, Астана
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті