Өзара келісімге келді

Жаңалықтар
29.11.2016, 12:47
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент темір жолына қарасты  Мақтарал станциясында екі аптадан бері тұрып калған мақта тиелген жүк вагондарына қатысты дау шешілді. Осы мәселе бойынша Қазақ мақта қауымдастығы Кәсіпкерлер палатасына шағымданып, Мақтаарал бекетінде тұрып қалған 4 мың тонна жүгі бар вагондар проблемасын шешіп беруді сұраған. Бекет қызметкерлері бәріне басшылық жауап береді деп, мәселеге қатысты мардымды ештеңе айтпаған. ОҚО Кәсіпкерлер палатасы дереу «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент бөлімшесі басшылары мен жүк қожайындары болып саналатын мақта компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізген. Онда, Қазақстанда бүгінгі таңда мақта талшықтарын сақтау, тасымалдау, таңбалау және қаптау бойынша мемлекеттік стандарттың жоқ екені белгілі болды. Осыған орай, бүгінге дейін КСРО Мемлекеттік комитетінің 1986 жылғы мемлекеттік стандартына сүйеніп келген. Ал, ол өз кезегінде, өзінің заңды күшін жойған. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Шымкент бөлімшесі басшылары, егер компания келесі талаптарды орындаса, вагондарды жөнелтуге рұқсат беретіндіктерін жеткізді:
  1. Халықаралық теміржол жүк хабарламасы келісіміне сәйкес, вагонның техникалық талаптарға сай болу керек; 2. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бекіткен көлем эскизі, оны тиеу нұсқамасы бар болуы керек; 3. Қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту өткізіліп тұруы тиіс.
Қазақ мақта қауымдастығы өкілдері талаптардың орынды екенін мойындайды, себебі, мақта талшықтары – жеңіл жанатын өнім. Осылайша, ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жүк тасымалдаудың Шымкент бөлімшесіне, жоғарыда аталған талаптарды жүк тасымалдаушылар орындағаннан кейін, мақта талшықтарын бірден тиісті орнына жөнелту туралы өтінім білдірген.  Бұдан бөлек, Палата сарапшылары Қазақ мақта қауымдастығымен және ҚТЖ-мен бірге, ҚР бойынша мақта талшықтарын сақтау, тасымалдау, таңбалау және қаптау жөнінде мемлекеттік стандарттарды әзірлеу бойынша байланыс тобын құру туралы шешім қабылдады. Ал бірнеше күн бұрын мақта талшықтары тиелген жүк вагондары сапарын жалғастырып, тиісті орынға жеткізілген. Кемел МАРАТ, Астана
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті