Жастар форумы жалауын көтерді

Жаңалықтар
06.12.2016, 16:08
Оқуға 4 мин
Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ғимаратында дәстүрлі  Республикалық жастар форумы өз жұмысын бастады. Саланың 300-ге жуық жас мамандарының басын қосқан VII жастар форумы биыл тұңғыш Президент күніне орай желтоқсанның 4-і мен 9-ы аралығында ұйымдастырылып отыр.  Жастардың бірегей бастамалары мен қабілеттерін танытуға, жан-жақты білім мен тәжірибе жинақтауына бағытталған жыл сайынғы Форум көрмелер байқауының ашылуымен басталды. Көрменің ашылу рәсімін Ұлттық компанияның корпоративті қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ерік Имашев,  «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Владислав Сергеев,  ҚР Діндер ісі және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұловтар жасап, әрі қарай олар Форумның спикерлері ретінде қатысты. Сарапшылар жастарды шараның салтанатты ашылуымен құттықтап, форум жұмысына сәттілік тіледі. –Дәстүрлі жастар Форумы – мақсат-мүддесі бір арнада тоғысқан дарынды жастардың басын қосатын жиын. 7 жыл бұрын басталған идея өміршеңдігімен әлі де жалғасып келеді. Қазақстан темір жолы қашан да жастар саясатын дамытуға зор көңіл бөледі. Олардың кәсіби тұрғыда білікті болуына ерекше қолдау көрсетеді. Бұл компанияның даму стратегиясының маңызды бір бөлігі болып саналады. Бүгінгі таңда компанияда кадрлық резерв жас қызметкерлер арасынан таңдалып жасақталуда. Қоғам қызметі көліктік-логистикалық және мультимодальды тасымал бойынша да даму үстінде. Жаңа трансконтинентальды бағдарлар ашылуда. Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер, бизнес трансформациялау бағдарламасы жүргізілуде. Осындай ауқымды жұмыстар барысында жастардың қосар үлесі зор болады деген сенім мол. Қабілет-қарымдарыңызды танытуға мол мүмкіндік туып, алдарыңызда даңғыл жол ашылуда. Компания тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауды жастар жоғары бағалап, халқына қажырлы еңбектерімен қалтқысыз қызмет етеріне сенеміз, – деді Е. Имашев.           Биылғы жылы Форумға жастар іріктелген 10 жоба аясында қатысып отыр. Соның ішінде «Жас кәсіби маман» аталымы бойынша 400-ге жуық еңбек келіп түскен болса, содан 78 үміткер ақтық сайысқа өтіп, форумның көрме байқауына қатысуда. Сонымен қатар компанияда жеті жылдан бері Менеджмент жобасы бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Оған биыл 351 жоба келіп түсті. Соның ішінде сарапшылар кеңесі таңдап алған, ең үздік деген 27 жоба биылғы форумға қатыстырылып отыр. Олар техникалық, әлеуметтік, қозғалыс қауіпсіздігі және ақпараттық бағыттағы жобалар.             Әрі қарай Форум жұмысы компанияның топ-менеджерлерімен бірге «Қазақстан темір жолының» болашағы: даму векторы» деп аталған панельді пікір-талас алаңымен басталды. Оған спикер ретінде қатысқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральді желі дирекциясы» филиалының техникалық саясат департаментінің директоры Темірғали Сарбасов күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе Магистральді желінің дамуы тақырыбы бойынша ел темір жолындағы жалпы ахуалға, жаңа темір жол желілері мен жобаларға тоқталып, кеңінен мәлімет берді. Келесі тақырып «Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру жолдары» бойынша толыққанды баяндаманы «Жолаушылар тасымалы» АҚ сату жөніндегі атқарушы директоры Айгүл Абуталипова жасаса, үшінші мәселе көліктік-логистикалық жүйенің дамуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалу барысы туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік-техникалық даму департаментінің бас менеджері Дулат Айдынбаев баяндады. Ал төртінші мәселе Қазақстанды Еуразияның аймақтық көліктік-логистикалық хабы ретінде қалыптастыруда мультимодальды тасымалды дамыту жайында «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин айтып берді.  Форум қатысушылары спикерлерге өз сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды.             9 желтоқсанға дейін созылатын Форум сол күні түстен кейін «Жас кәсіби маман» байқауы, көшбасшылық бойынша жетекші сарапшыдан шебер класс, брейнсторминг, «Аймақтар визиткасы» деп аталатын кешкі таныстыру бағдарламасымен жалғасты. Осындай сан алуан шаралар 6,7 желтоқсанда өткізіліп, Форум жұмысы 8 желтоқсанда қорытындыланбақ. Атап айтқанда, көңілділер мен тапқырлар жарысы, бизнес-симуляциялар, тренингтер, корпоративтік ойындар, семинарлар, бизнес ойындар, сарапшылар кеңесімен кездесулер, ұрпақтар сабақтастығы кездесулері, флеш-мобтар, компания басшылығына жобаларды таныстыру сынды көптеген шаралар еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жас теміржолшыларды Форум аясында бір бағытта жұмыс істеуге жұмылдыратын болады. 

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті