Қызметімен құнды Көліктелеком
Жаңалықтар
08.12.2016, 10:44
«Транстелеком-Қызылорда» филиалы Сексеуіл мен Түркістан станциялары аралығындағы 17 елді мекенді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіп отыр.
Барлық станцияларда қазіргі заманға сай сандық АТС құрылғылары қондырылып, осы аумақтағы 6573 абонентті мекеменің негізгі телефон байланысының тұтынушыларын құрап отыр. «ҚТЖ» компаниясының сенімді әрі еншілес кәсіпорны қатарында саналатын «Транстелеком-Қызылорда» филиалы теміржолды бойлай орналасқан тармақталған телефон байланысы желісімен өз тұтынушыларына 2011 жылдан бастап аймақ коммуникациясына ТОБЖ (талшықты-оптикалық байланыс желісін) енгізген. Ел Тәуелсіздігінің жарқын көрінісі. ТОБЖ базасында магистральды сандық арналарды жалдау, деректер мен дауыстардың халықаралық транзиті, интернет желісіне қатынау, жергілікті, қалааралық және халықаралық телефон мен бейнеконференц және телеграф байланыстары секілді телефон байланысының түрлі мүмкіндіктерімен тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Интернетке қосылған жоғары жылдамдықтағы каналдар, қысқа жолмен берілетін дыбыстар, бейнебайланыс, кең жолақты радио байланыс технологиясы, жоғары деңгейдегі талшықты-оптикалық байланыс желісі қызметтерінің бәрі мекеменің ішкі жұмыс форматын құрайтын жүйелі салалар болып саналады.
Сыр өңіріндегі шойын жолды бойлай 830 шақырымдық қашықтықты қамтыған компанияның сандық жүйедегі 12 АТС станциясы іркіліссіз, сапалы қызмет көрсетіп тұр. Сонымен қатар Шиелі, Қазалы және Қызылорда станцияларында тораптық жүйедегі телімдерге шоғырландырылған. Олардың іркіліссіз жұмысына мамандандырылған 27 білікті телефоншы 3 авариялық бригадаға бөлініп тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылы 488 абонентке негізгі телефон жүйесін орнатқан транселекомдықтардың жылдамдықты ADSL ғаламтор желісін 2324 тұтынушы қолдануға көшкен. Олардың 583 абоненті биылғы жылы қосылған екен. Ғаламтор мен телефон желісін орнату жұмыстары күн тәртібіндегі маңызды жұмыс саналатын көліктегі телекомшылар Кейден, Шөміш, Сапақ, Үкілісай, Байқожа елді мекендеріне сандық АТС-тер және интернет қондырғыларын іске қосып, аталған елді мекендерден 243 телефон-абонентті, 110 интернет пайдаланушы жоғары сапалы желіні пайдалануға көшірілген.
Қазіргі таңда темір жол бойындағы нысандар тұтынушыларымен қатар облыстың елдімекендерін интернетпен қамтамасыз ету мақсатында Қараөзек, Аққұм, Талап, Кейден елді мекендеріне ТОБЖ желісін тарту жұмыстары жүріп жатыр.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды