Тың нысандар тұсауы кесілді
Жаңалықтар
09.12.2016, 11:05
Үстіміздегі жылдың 6 желтоқсанында Астанада «Қазақстанның жаңа индустриализациясы: тұрақты даму және прогресс үшін» атты жалпы ұлттық телекөпір өтіп, оның барысында Елбасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты стратегиялық маңызы бар бірнеше нысанның тұсауын кесті. Соның алғашқысы Алматы – Шу теліміндегі екінші жол құрылысы.
Алматы өңірінен тікелей эфирге шыққан Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Съезбек Әлішев:
–Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Алматы – Шу темір жолы жолаушылар мен транзиттік жүктерді өткізетін маңызды жол торабы. Ел экономикасы өскен сайын жүк пен жолаушы тасымалына сұраныс артып келеді. Осыған орай, Сіздің тапсырмаңызбен, «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы аясында екінші жол құрылысы жүзеге асырылуда. Құрылысқа 90 пайыз отандық өндіріс материалдары пайдаланылды. Аса мәртебелі Елбасы, биылғы жылдың тамыз айында сізге таныстырылған отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушылар вагондары да сертификаттау сынағынан өтіп, бүгін пайдаланылуға дайын тұр, – деп мәлімдеме жасады.
Бұдан кейін қуаты 5,1 миллион тонна жүкті ауыстырып тиеуге жететін мұнайлы түбек Маңғыстаудың Құрық паромдық кешені басына жиылған жұрт байланысқа шықты. «Құрық порты» ЖШС бас директоры Абай Түрікпенбаев, бүгін іске қосылғалы отырған Құрық портындағы паромдық кешен Транскаспийлік халықаралық дәлізде көліктік-логистикалық жүйенің маңызды буыны болып табылатынын жеткізе келіп: – Біз темір жол және порт инфрақұрылымы құрылысын түбегейлі аяқтадық. Бүгін біз бірінші темір жол құрамының жүгін тиеуге дайынбыз. Құрметті Елбасы, Алматы – Шу жаңа темір жолы бойымен Тұлпар-Тальгоның бірінші жолаушылар құрамдарын тіркеген пойызды жіберуге және паромға вагондарды тиеуді бастауға рұқсат етіңіз! – деді.
Қос нысанның іске қосылуына пәрмен берген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Нұрлы жол» экономикалық бағдарламасы шеңберінде салынып, іске қосылып жатқан көлік объектілерінің аса маңызды, қажет екенін атап өтті.
–Алматы – Шу теліміндегі екінші жолдар пойыздардың өтуін екі есе арттырады. Бұл жолға сұраныс бұрыннан бар еді. Ертерек салуға қаржы болмай келді. Міне, қазір оны жүзеге асырдық. Құрық бұл біздің Кавказ бен Еуропаға шығар жолымыз. Бұл да көптен күткен жоба. Ол ел үшін, даму үшін, индустрияландыру үшін аса қажет. Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы үлкен табыспен құттықтаймын. Еліміз тарапынан жасалып жатқан сыйлық бұл. Бәріңізге жемісті еңбек тілеймін! – деп Елбасы жаңа іске қосылған нысандар жұмысына, онда жұмыс көрігін қыздыратын еңбеккерлер қауымына сәттілік тіледі.
Телекөпір барысында республиканың сапа саласындағы «Алтын сапа» сыйлығы, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы, «Ұлы дала елі» байқауы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2016» байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі болды. Биыл еліміздің барлық өңірлерінен 23 жоба іске қосылды. Телекөпір барысында тағы бір білгеніміз, Индустрияландыру бағдарламасы іске асқалы ірілі-ұсақты 961 кəсіпорын іске қосылған. Ашылған жұмыс орындарының саны 90 мыңнан асып, аталған жобаларға 4 трлн теңге жұмсалған. Нəтижесінде, «Қазақстанда жасалған» маркасымен 7 трлн теңгенің өнімі өндіріліпті. Дүниежүзілік банк рейтингісі бойынша кәсіптен нәсіп табу жолында Қазақстан 190 елдің ішінен 35-ші орынға табан тіреген. Бұл – жоғары көрсеткіш. Алайда, Елбасы арқаны кеңге салмай, ілгері алға жылжу жолында тынымсыз тер төгу керектігін жиынға жиналғандарға құлаққағыс етті. Жалпыұлттық көпір соңында Елбасы өз қолымен «Парыз» байқауының Гран-при алған жеңімпазын және «Алтын сапа» байқауының арнайы сыйлығын, негізгі үш аталым «Сапа көшбасшысы», «Ең үздік индустриалдық жоба», «Ең үздік инновациялық жоба» бойынша көшбасынан көрінгендерді марапаттады.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды