ҚҰРЫҚ ПОРТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар
12.12.2016, 11:03
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстандағы жаңа индустрияландыру: орнықты даму мен прогресс үшін» атты жалпыұлттық телекөпірде онлайн-режимінде тұсауы кесілген ірілі-ұсақты 23 өндірістің бірі – Маңғыстаудағы Каспий теңізінің жағалауында бой көтерген Құрық порты.
Құрық паромды кешені құрылысының алғашқы кезеңінің аяқталып, іске қосылуы түбек халқы көптен күткен қуаныш еді. Қазақстанның бірден-бір теңіз қақпасы – Ақтау порты болса, міне оған екінші портты айлақ – Құрық кешені қосылып отыр. Бұл күні Паромды кешеннен алғашқы жүк көлігі Бакуға аттанды.
Салтанатты шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бас инженері Бауыржан Орынбасаров, «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Гаджи Гаджиев, «Құрық порты» ЖШС бас директоры Абай Түрікпенбаев, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев және түбек темір жолының қалың теміржолшылары, басқа да жергілікті халық, сала ардагерлері қатысты. Телекөпір барысында еліміздің барлық аймақтарынан 23 кәсіпорын тікелей байланысқа шықты. Құрықтан «Құрық порты» ЖШС-ның бас директоры Абай Түрікпенбаев байланысқа шығып, жағдайды баян етті:
– Құрық портындағы паромды кешен Транскаспий халықаралық дәлізі көлік-логистикалық жүйесінің маңызды буыны болып табылады. Біз темір жол және порт инфрақұрылымын салуды аяқтадық және бүгін бірінші темір жол құрамын тиеуге дайынбыз. Құрметті Елбасы! Құрық портын іске қосып, паромға вагондарды тиеу жұмыстарын бастауға рұқсат етіңіз! – деді ол.
Құрық паромының маңызы мен экономикалық тиімділігін сөз еткен Елбасы жұмысты бастауға рұқсат берді. Сондай-ақ, ол «Құрық» кешенді паромдық порты Аспанасты елінен Батыс Еуропаға жол тартатын жүк керуендерін Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға, одан әрі Түркия арқылы көзделген мемлекеттерге жеткізуге септесетіндігін айтып өтті. Себебі, бүгінгі күнде жүкті жөнелтіп, қабылдауда барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып отырған «Ақтау» порты қазіргі транзиттік тауар ағынын игеруге мұршасы болмай отырған көрінеді. Сол себептен, Құрық портының салынуы еліміздің транзиттік мүмкіндігін арттыра түседі екен. Демек, кешенді «Құрық» паромдық порты Қытай мен Еуропа арасында жасалып жатқан жаңа транзиттік дәліздің маңызды орталығының бірі болады. Жалпыұлттық телекөпірде басқа да ірі нысандардың таныстырылымы өтіп, Индустрияландыру картасының айтулы жобалары, мысалы, Теміртауда жаңартылған домна пеші, Алматыда аяқ киім өндірісі іске қосылды. Бұған қоса, отандық тағам өндірісінің қатары батыстағы қара уылдырық пен бекіре шығаратын кәсіпорынмен, Қостанайдағы «Баян Сұлу» кондитер фабрикасымен, солтүстіктегі май дақылдарын қайта өңдейтін «Тайынша-май» кәсіпорындарымен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік мерекесіне орай іске қосылып отырған осынау нысандардың өте маңызды екенін айтып, отандық жеңіл өнеркәсіпті әрқашан қолдау керектігін қаперге салды.
Айта кетейік, индустрияландырудың бірінші кезеңінде Маңғыстауда жалпы инвестиция көлемі 218 млрд 800 миллион теңгені құрайтын 33 жоба жүзеге асқан. Жалпы, Қазақстанда индустрияландырудың бірінші бесжылдығында 179 жаңа өндіріс орны ашылған. Ал, аталмыш паром кешенінің құны 32,1 млрд теңгені құрайды екен.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?