Мәреге жақындады
Қарашаның басында Астанадан шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы желтоқсанның алғашқы күндері Түлкібас, Түркістан өңірлерінде болды. 16 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматыға атбасын тірейтін пойыз мәреге жетуге жақын.
Түлкібастықтар мерекелік құрамды қарсы алуға таң азанымен жиналды. Облыс әкімдігі мен Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің басшыларынан бастап, аудандағы білім мәдениет саласының бірқатар азаматтары көк байрақты көтеріп, делегация мүшелерін ерекше ықыласпен қарсы алды. Бұл күні 25-ші аялдамасын жасаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының ұжымы жолға шыққалы 7 мыңнан астам тұрғынға құқықтық кеңес берсе, 9 мыңнан аса науқасқа көмек көрсеткен. 110 мың халқы бар өңірдегі аудандық ауруханада бір мезетте 70 тәжірибелі маман тұрғындарға тегін медициналық кеңес көрсеткен. Алматылық дәрігер-эндокринолог Лаура Маратқызының айтуынша, денсаулығын қаратуға келгендердің арасында қант диабетімен ауыратындар мен қалқанша безіне шалдыққандар көбірек кездесіпті.
–Қазір адамдардың көпшілігі тез дайындалатын фастфуд өнімдерін қолдануды әдетке айналдырған. Соның әсерінен артық салмақ қосылып, шектен тыс семіздікке ұшырап жатыр. Осының себебінен қант диабеті көбеюде. Сонымен қатар күйзеліс, эмиционалды жағдай да бұл аурудың өршуіне әкеп соғады, – дейді ол.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған акция аясында ел аралап жүрген
делегация мүшелері, атап айтқанда түрлі министрліктен келген мамандар өз саласына орай әлеуметтік, құқықтық, медициналық, ауыл шаруашылығы, білім саласындағы мәселелер бойынша бөлініп, жергілікті халықпен жолықты. Түс ауа қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
– Биыл тұрғындар жеке басының сұрақтарынан бұрын, халықтық мәселені жиі көтергенін байқадым. Зейнеткерлер де белсенділік танытуда. Жер телімдерін алу мен жер қатынастары туралы заңға толықтырулар енгізілсе деген өтініштер көп қойылды. Екіншіден, ІІІ топтағы мүгедек жандар өздерінің мүмкіншілігін ІІ, І топтағы мүгедек адамдармен теңесе дейді. Себебі, бірінші, екінші топтағыларға үй алу, немесе басқада жеңілдіктер берілген. Үшінші топтағылардың ондай мүмкіншілігі жоқ. Әрі кемтарлығына орай кейбір жерлерде жұмысқа алмайды екен. Сондай-ақ, маңғыстаулық бір ауылдың тұрғындары ауыз судан тапшылық көріп отырғандарын айтты. Осы сапар барасында 7 мыңнан аса адамды жеке мәселесімен қабылдап, соның 6,5 мыңының тірлігін жергілікті әкімдікпен бірлесіп шештік. Бізбен бірге 7 министрліктің өкілдері келеді. Халық тарапынан қойылған сұрақтарды Қазақстан халқы Ассамблеясынан келген өкілдер тізімдеп, Президент әкімшілігіне жеткізуде. Сол арқылы бұл мәселе Үкімет пен министрліктерге түседі. Ауыл тұрғындары балалар дәрігерінің азайып кеткеніне шағым айтуда. Кейбір шағын елді мекендерде халық саны 500 адамнан кем болса, тек медбике ғана бекітіледі екен. Аудан немесе қалаға бару үшін жол алыс. Біз шағын ауылдарда дәрігерлердің болуын жергілікті әкімдік пен министрлердің алдына қойып отырмыз. Жалпы осындай көпсалалы мақсаты бар жылжымалы құрамның ел аумағын аралағанына тоғызыншы жылға толды. Халықтың бұл пойызға сенімі артып келеді, – дейді «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб бастығы Әміржан Әлпейісов.
Динар МЕЙІРМАН, Түлкібас
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті