Рельс зауыты: бір жылдан соң толық қуатына көшеді

Жаңалықтар
12.12.2016, 17:09
Оқуға 2 мин
Ақтөбе рельсарқалық зауыты толық қуаттылыққа 2018 жылы шығады. Бұл туралы «АРАЗ» ЖШС директоры Андрей Кузьмин хабарлады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда рельсарқалық зауытының өнімдері ҚР Ұлттық стандартымен қатар, Ресей Федерациясының Ұлттық стандарт талаптарына сай жұмыс жасап келеді. Жуырда Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Ақтөбе рельсарқалық зауыты активімен кездесіп, өндірістік кеңес өткізген болатын. Қанат Алпысбаев компанияның рельс өніміне сұранысын қанағаттандыру мәселесіне назар аударып, қажетті материалды дер кезінде жеткізу жайына тоқталды. Бүгінгі таңда Ақтөбе рельсарқалық зауытының өнімдері ҚТЖ кәсіпорындарының  қажеттіліктерін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, көршілес Өзбекстанға да рельс өнімдерін жөнелтіп жатқан көрінеді. Андрей Кузьминнің айтуынша, алдағы жылы бірқатар номенклатураларды игеру қажет болып тұр. Мәселен, еуропалық стандарттарға сай Р60 маркалы рельс өндірісін қолға алу керек. Бұл алдағы жылға қойылып отырған үлкен жоспарлардың бірі екен. Сонымен бірге, алдағы уақытта еліміздегі құрылыс саласына қажетті фасонды өнімдер өндірісін игеру көзделіп отыр. –Р65 маркалы рельс өндірісін толықтай игердік. Ол жетекші өндіруші компаниялардың әлемдік талаптарына толық көлемде сай келіп тұр. Бұл өнімнің сапасы жағынан Жапония мен бірқатар Еуропа мемлекеттерімен бір қатардамыз. Ал, кейбір бәсекелестерден тіпті оқ бойы озық келеміз, – дейді Андрей Кузьмин. Оның хабарлауынша, зауыт тиісті сапалық сертификат алу арқылы ЕАЭО елдерінің темір жолдарын да рельс өнімдерімен қамтамасыз ететін болады. Мәселен, Өзбекстан темір жолына  Ақтөбе зауытының бір мың тоннадан астам рельс өнімдері жіберілсе, жыл аяғына дейін тағы да бес мың тоннасы жөнелтілетін болады. Компания басшысы ақтөбелік өндірісшілердің таяу және алыс шетелдің темір жол нарығын игеруге толық мүмкіндігі жететініне сенімді екендігін жеткізді. Зауыттың коммерциялық директоры Андрей Шериннің айтуына қарағанда, 2015 жылдың соңына таман алғашқы өнімдерін шығара бастаған АРАЗ бүгінге дейін 60 000 мың тонна өнім шығарып, алыс та жақын мемлекеттермен келісімшарттарға отыра бастаған. Өнімнің басым бөлігі Қазақстандағы  жаңа жол құрылыстарына, атап айтқанда Алматы – Шу екінші жолына,  Құрық портындағы паром өткелі құрылысы мен Астана жаңа теміржол вокзалы құрылысына да қолданылуда. Өкінішке орай, әзірше шикізатты Ресей зауыттарынан алдыруға тура келеді. Андрей Шериннің айтуынша, бүгінде күніне орта есеппен 1000 тонна рельс өнімдері шығарылады. –Белоруссия, Өзбекстан, Грузия, Армения, Молдова, Тәжікстан секілді елдермен келіссөздер жүргіздік. Тендерлерге қатысу жағын қарастырып жатырмыз, – деді  коммерциялық директор.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті