Елдік пен ерліктің, егемендіктің  ұлы мерекесі...

Жаңалықтар
15.12.2016, 10:28
Оқуға 4 мин
 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әкімшілік ғимаратында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің, Компания басшысы Қанат Алпысбаевтың қатысуымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік шара өтіп,  47 адам әртүрлі мемлекеттік деңгейдегі наградалармен марапатталды. Салтанатты шараның арнайы шақырылған қонақтары қатарында, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гамбароглы Гурбанов, «Рохи охани Точикистон» мемлекеттік унитарлық кәсіпорын бастығы Комил Джумахонович Мирзоалиев болып, өз кезегінде мәртебелі меймандар қазақ темір жолының еңбеккерлерін, қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мерекелік шараны ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев көпшілікті ұлық мерекемен құттықтап, Ұлттық компанияның 25 жыл ішінде атқарған жұмысына шолу жасады.    «...Ширек ғасыр ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан өтпелі кезең қиындықтарын сәтті игеріп, халықаралық аренада өз ұстанымын нығайтып, экономика, мәдениет және әлеуметтік салада қарқынды даму жолына бет бұрды. «Қазақстан темір жолы»  Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуына негіз болып, теміржол компаниясынан халықаралық деңгейдегі көлік-логистикалық холдингке айналды. Компания Елбасы мен Үкімет жүктеген міндеттерді жүзеге асырып келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен-ақ Елбасы көлік-логистикалық дамуына ерекше көңіл бөлуде. Соған  сәйкес терең институтционалды реформалар мен  инфрақұрылымды жаңашаландыру және елдің көлік-логистикалық кешенін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді», – деген Компания жетекшісі ұлттық экономиканың өсімін және отандық өнімдердің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде темір жол көлігі маңызды рөл атқарып, өңіраралық ішкі коммуникацияларды қамтамасыз ету, Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін ұлғайту үшін  Елбасы тапсырмасымен тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасыр ішінде жалпы ұзындығы 2500 км болатын жаңа темір жолдар салынғанын атап өтті.  «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2008 жылдан бастап активтерді жетілдірудің ауқымды бағдарламасын жүзеге асыруға кіріскен болатын. 2008-2016 жылдар аралығында темір жол көлігі активтерін жаңартуға 2,9 трлн теңге инвестиция жұмсалып, нәтижесінде жаңа зауыттардың бой көтеруімен 1000-нан астам локомотив, 37,5 мың жүк вагоны, 1500 шамасында жолаушы вагоны жаңаланып,  4700 км көлемінде жол жаңғыртылып және күрделі жөндеуден өтті. Көлік-коммуникациялық кешен отандық экономиканың ең негізгі сүбелі тірегі болып табылады. Елбасы мен ел Үкіметі бізге ұлттық экономиканың дамуын анықтайтын стратегиялық және инфрақұрылымдық міндеттерді шешуді сеніп тапсырды. Тасымалдау, логистикалық қызмет көрсету, ұлттық инфрақұрылымды және экономиканың жаңа салаларын дамыта отырып Компания жұмысшылары өз еңбектерімен елдің дамуына үлестерін қосуда. Біз, яғни мыңдаған адамдардан тұратын ұжым бет алған даму қарқынымыздан қайтпай, Компанияға жүктелген қауіпсіз және сапалы тасымалдау, елдің көлік және экспорттық әлеуетін дамыту бойынша миссиямызды тиімді жүзеге асыра бермекпіз», – деп түйіндеді сөзін Қанат Қалиұлы.  Бұдан кейін көпшіліктің ыстық қошемет-қолдауымен сахна төріне көтерілген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин кешегі  әріптестері мен сала ардагерлерін Үкімет атынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.  –Қазақстан Елбасының тікелей бастамасымен жүзеге асырылған тарихи жобалардың арқасында тұрақты даму жолында. Ұлт Көшбасшысының көрегенді саясатының нәтижесінде Қазақстан қысқа мерзім ішінде үлкен табыстарға қол жеткізіп, халықаралық аренада мәртебесі өсті. Елбасының тарихи шешімінің арқасында Тәуелсіздік жылдары әлем деңгейіндегі жаңа елордамыз салынды. Қазір Астана Тәуелсіздік символы. Тәуелсіздік жылдары елімізге шетелден келген инвестициялардың жалпы көлемі 265 млрд долларды құрады. Еліміздің экспорттық және транзитік әлеуеті дамып жатыр. Көлік-логистика саласында тарихи маңызды жобалар жүзеге асты. Осы жобалардың іске қосылуында көлік кешені қызметкерлерінің үлесі зор, сіздерге алғыс айтамын, – деді Үкімет басшысының орынбасары. Бұдан кейін Асқар Мамин  ІІ дәрежелі «Достық» орденімен мәртебелі меймандар – Джавид Гурбанов пен Комил Мирзоалиевті, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті кеңесшісі Фарит Галимовті, «Парасат» орденімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Бауыржан Орынбасаровты, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ президенті Ермек Қизатовты, «Қамқор Менеджмент» ЖШС байқаушы кеңес төрағасы Диас Сүлейменовті,  «Ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы» директорының орынбасары Али Қарабалинді және бірқатар тұлғаларды «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттады. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті