Мерекеде мерейі өскендер

Жаңалықтар
20.12.2016, 11:13
Оқуға 2 мин
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл жол бөлімшесінде  өткен салтанатты жиында  өтіп, онда бірқатар үздік сала мамандары марапатталды. Алдымен әулиеаталық теміржолшыларды мерейлі мерекемен құттықтаған ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков соңғы жылдары саладағы тың серпінді тілге тиек етті. Сондай-ақ ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып отырған жамбылдық теміржолшылардың әлеуеті зор екендігіне тоқталды. Бұдан кейін сахна төріне бөлімше ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағымбек Ақшалов бастаған сала ардагерлері көтеріліп, майталман теміржолшыларға Тәуелсіздіктің құрдастары естелік сый табыс етті. Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін Сағымбек Ақшаловтың кеудесіне қадап, өз тілегін жеткізді. Сондай-ақ шарада ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов пен Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев та өз құттықтауларын жеткізді. Бұдан соң теміржолшыларды марапаттау рәсімі басталып, Аса станциясының кезекшісі Татьяна Ковалева «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болса, Жамбыл бөлімшесі жедел басқару бөлімінің бөлімше бойынша кезекшісі Бекасыл Бекботаев, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының рельс дәнекерлеу цехының шебері Меркібек Ақылов «ҚТЖ» ЖТ» АҚ президентінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Иван Донский Алғыс хатпен марапатталды. Ал «2016 жылдық жас машинисі» аталымы бойынша Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинисі Дмитрий Свитч ұлттық компания президентінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Салтанатты жиынның көрігін облыстық филармония ұжымының өнерпаздары қыздырды.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті