«Бағыт» – теміржолшы әйелдер бірлестігі
Семей қаласында кезінде ұзақ жылдар бойы теміржол саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан теміржолшы әйелдердің «Бағыт» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді.
«Бағыттың» бағыты айқын. Салада еңбек ететін нәзікжандыларға рухани һәм моральдық тұрғыдан қолдау, қажет болса көмек көрсету, жас буынға бағыт-бағдар беріп, қызметтік ортаға бейімделу бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізуді мақсат тұтқан бірлестікті әйгілі Мойынбаевтар династиясының өкілі, ұзақ жыл Семей вокзалының бастығы болған Нағима Абдуайтқызы басқарады. 2007 жылы құрылған бірлестіктер содан бергі уақытта қаладағы түрлі ұйымдармен бірлесіп тағылымды шаралар жүргізуде. Атап айтсақ, Достық үйінде орын тепкен «Ахау Семей!» қазақ құндылықтарын қолдау орталығымен қанаттасып, қоғамдық шараларға қатысуда. Соның ішінде жас буын арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ілкімді жұмыс жасалыпты. Аталмыш бірлестік мүшелерінің қатысуымен қалалықтар арасында «Қымызмұрындық», «Ақ орамал», «Бауырсақ» сынды шаралар өткізіліпті. Міне, осы сынды ауқымды жұмыстардың қорытындысы есебінде, жуырда аталмыш бірлестік өкілдері салт-дәстүр орталығымен бірлесіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясында басқосу шарасын өткізді.
Жиын барысында аталмыш ұйымның атқарылған шаралары жөнінде есеп тыңдалып, қонақтардың пікіріне де кезек берілді.
Көпшілік алдында сөз алған теміржолшылар кәсіподағы ұйымының басшысы Алик Досанов Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бастығы Марлен Көкірекбаевтың құттықтауын жеткізе келе, дәстүрлі «әжелер мектебінің» бүгінгі өкілдері ақ кимешекті теміржолшы аналар жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдық істе белсенді байырғы сала ардагерлерін марапаттады. Олардың қатарында «Бағыт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нағима Мойынбаева, сала ардагері Бижамал Қалиқызы, бұрма бағыттамашысы болған Тұрсынғайша Багенова, вагон шаруашылығының ардагері Күләш Құдайбердіқызы Алғыс хатқа ие болды.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті